| 02/06/2026, 23:02 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Бала екеш бала жаратылысынан әділдікті, теңдікті жақтайды. Оның өз еркіне салсаң ешқандай жамандық туралы ойламайды. Қайта қаскөйлерге, зорекерлерге, алдамшыларға жаны қас. «Шіркін адамның бәрі дәл осындай сәби жүрекпен, кірсіз адалдықпен есейсе қандай жақсы болар еді!»
Жайсыз күндерді де жайлылықпен өткерген дұрыс.
Ақшасы көп, жиған-терген қазынасы мол, дүниеқоңыз, сараң адамдар қояндай қорқақ келеді. Олар өз жанынан гөрі артымда қазынам босқа қалады, әлдекім пайдаланады деп үрейленеді.
Сенің әлі толық жетілмеген көздерің сені алдап соғуы мүмкін, берілме, өзіңді алдауға, басқа жолға бастап әкетуіне жол берме! Бұл өмірдегі барлық маңызды нәрсе — көзге көрінбейтін нәрселер.
Атам қазақ «Мықтылық он болса, жартысы мінезбен, жартысы ақылмен бітеді» деген екен.
Өтер де кетер дүние, көз саттырған боқ дүние... Көзді ашсаң бар дүние, көзді жұмсаң жоқ дүние... баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
