Кітап үзіндісі
26/05/2026, 22:31

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адамдар-ау, қамшының сабындай кеп-келте өміріңізде бір-біріңізді ренжіте көрмесеңізші, әр минут, әр секундтарыңыз санаулы ғой, олар тұнжырап өтпесінші.
Әбіш Кекілбайұлы «Ажар»

 

Адамның өмірге құштарлығы өзінің әлсіздігін жеңуге, оның ішінде, баласын бақытты етуге ұмтылғандағы құлшынысы, қуат-күші өлімге ерік бермейді. Ерік берсе… Онда сол адамның рухының да өлексе атанғаны.
Тұрсын Жұртбай «Жүрегімнің почтасы»

 

Қазіргі заманның қазағы сапасыз семинарларға қатысып жүріп, жұқтырып алған бір диагноз бар. Ол анализден басталған «балалық травма» деген терминді орынды-орынсыз тықпалай береді. Олардың айтуынша, бақытсыз балалық шақтағы жанға түскен жарақат өлгенше етегіңнен тартып, бақуатты өмір сүруіңе мүмкіндік бермейді-міс. Псевдопсихолог пен жалған коучтың осы ертегісіне сенген кей кісілер өзінің надандығынан болған кедергілерді шешесінен көретін ақымақтыққа ұрынған. Тіпті кейбірі қырық жыл бұрынғы ұрыс пен сөгісті есіне түсіріп, анасымен кетіскен-ді. Бейсембай сияқты бақытсыз балалық шақтың көкесін көрген кісілер осы тұжырымның тас-талқанын шығарады.
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы «Бейсембай және әдеби майдан»

 

Сыбырлап қана сөйлесеміз. Байқаймын: Әсел сәл үрейленгендей немесе жаурап қалғандай. Үстіне пенжегімді жауып, қысыңқырап құшақтай түстім. Бұрынғыдан күшейіп, есейіп кеткен тәріздімін. Өзімде осынша жылылық, мейір барын, жақын адамың боп, оны қызғыштай қорып, құрақ ұшу дегеннің бір тамаша екенін білген де емес ем. «Ешқашан да, ешкімге де режітіп қоймаспын сені, шынарым!» - деймін құлағына сыбырлап.
Шыңғыс Айтматов “Шынарым менің, шырайлым менің”

 

Адамның төрт аяқты малдан айырмашылығы - сөйлей білетін тілі мен кітап оқи білетін көзінде емес пе?
Қуандық Түменбай «Әкенің көңілі балада»

 

Сағын аутист дей ме? Қалайша? Мүмкін менің кінәм шығар? Қалай байқамадым? Қалай көзімді жұмып жүре бердім? Мінезі сондай, ерке деп жүре бермей, неге ерте әкелмедім? Қандай анамын мен?! Енді оның өмірі, болашағы қалай болады? Мүлде сөйлемей қалса ше?!.
Бибізада Бекжан «Жаңбыр баласы»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: