| 18/05/2026, 23:23 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Кемелдікке ұмтылу үшін ЕРКІНДІК керек. Ерік-жігерін уысына түсірген тұлға борыш арқалаудан қашпайды. Ал борыш адамға ЖАУАПКЕРШІЛІК жүктейді. Жауапкершілік жоқ жерде, еркіндік те болмайды. Болса да одан пайда жоқ. Жауапкершілік алмайтын пенде қайырсыз құмарлықтың бір түріне жұтылып құриды.
Қорқақ адам кісі өлтіреді, жасқаншақ жан өтірік айтады, жүрегіне үрей кіріп кеткен пенде үшін мынау әлем қараңғы түнек болады. Үрейге бір рет бой алдырсаң, ол сені басып алады. Бұл өмірге адам баласы қорқу үшін келген жоқ, керісінше Құдайдың әрбір жаратылысына махаббатпен қарауға, қуанышпен қабылдауға келді. Біз Құдайдың мейрімі мен шапағатынан жаралғанбыз, бұл фәниден қайтқан соң да мейрім мен шапағатқа ораламыз.
Адамның бәрі - құл. Тек қожайынға зәру құл болмау керек. Махаббатта да солай...
Саған бейжай қарамайтын бір жанның,
Өзіңнің ең жақын адамың дүниеден өткенде, сенің де тірлігіңнің бір бөлшегі сонымен бірге кететін сияқты ма, қалай?
Өйткені талант – табиғат сыйы, бойына талант дарыған жан – пайғамбар іспеттес, оған ерекше миссия жүктелген; оның өмірі өзінікі емес, елінікі, сондықтан күйкі тірлікпен күн өткізбей, бойындағы бар күшін ретімен, қажетті істерге ғана жұмсап, ақылы мен білімін, дарынын бір-ақ мақсатқа – халқына қызмет ету жолына ғана бағыштауға тиіс; өзінің бойында үлкен қабілет барын біле тұра бос шашылған адам – қылмыскер: ондайлар тамұқ отына қақталып, отанын сатқан азғындармен қатар жаза шегуге лайық.
Өз ісінің шебері қателік жібермеуі тиіс. Шеберді сынаған кінәлі емес, сынға ұшыраған шебер кінәлі.
Бәріне себеп болған – екеуміздің арамыздағы әлгі сізге айтқан түпсіз тұңғиық, қит етсе қиып түсуге әзір тұрған жан түршігерлік өзара өшпенділік. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
