| 12/05/2026, 09:08 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Екеумізге бұйырған бақ шығар бұл - Сүймеу, жанбау, сағынбау мәртебесі... Танакөз Толқынқызы
Адам болып жаралған соң, құр ішкен-жегенге мәз болмай, белгілі бір идеялар үшін алысқанға жететін не бар бұл тірлікте?! Тіпті сол жолда жан қиып, басынды берудің өзі рахат емес пе. Онда өлім де қорқынышты емес, қайта бүкіл өміріңе мағына беріп, сән кіргізіп тұрады. Шіркін, ер жүрек күрескерлердің алғы сапында жүріп, кеудесін оққа төсеп өлген адамда да арман бар ма екен? Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
Жоқ, әке баласын, өз перзентін ешкімнен, мәселенки, шешеден кем сүймейді. Тек, әке махаббаты шешедей ақиық сыртқа шығып, ап-анық боп керіне бермейді. Әке махаббаты – ердің махаббаты. Ол салқындау да салмақты. Құпия да берік... Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
Мына біз бар болғаны өмірдің өкпек желінің өтіндегі ұшқынбыз ғой. Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
Жақсы ер-азаматты жолықтыру үшін ептілік қажет. Егер саған зиялы қауым өкілдері ұнаса, мұражайларды арала, ал ақкөңіл, өмірге ғашық жан керек болса, террасасы бар дәмханаға барып кітап оқы; бірақ ипподромға жолама, әйтпесе босқа жүрегіңді жаралап, шабандоз еркектің қайыршы әйелі болып шыға келесің. Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
