| 05/05/2026, 08:59 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Өмір ондай жақсыдан ғана түзілген тәжірибе учаскесі емес, ода бәрі бар, соның жақсысын талғай білу үшін оқимыз, білім аламыз, тәжірибе жинаймыз; сол мақсаттың соңында адасамыз, қиянат көреміз, сонда да бәрібір жеңіп шығу үшін жанталасамыз. Жеңіп шығу үшін өмір тәжірибесін жинаймыз. Жеңіп шығамыз деп өмір сүреміз, сенеміз. Үйренем деген кісі есігінің алдындағы иттің қылығынан да бірдемелер үйренеді, үйрену үшін ештеңеден жиренбейді. Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»
О заман да бұ заман, жаман қатынды сабап жақсы еткен жігітті көргем жоқ. Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер»
Ұмыту. Неткен сөз десеңші… Бір өзінде қорқыныш та, жұбаныш та, елес толы сағым да бар… Ұмытуды білместен бұл дүниеде қалай өмір сүруге болады? Бірақ кім ақырына дейін біржола ұмытуға қабілетті дейсің? Жүрегімізді тас-талқан еткен естеліктердің табы бар. Әрі қарай өмір сүрудің мәні жоқтығын түсінген адам ғана — азат адам. Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
