Кітап үзіндісі
28/04/2026, 08:52

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адам өмірі қандай қысқа?! Бірақ тірі пенде соны ойламауға тырысып, өзін алдарқату үшін неше түрлі қарбалас қам-қарекет, бітпес, таусылмас ермектер тауып жүреді. Ал шындап ой жіберсең, тірліктегі қызық-қуаныш, талас-тартыс, жеңіс-жеңіліс дегендерің — өзіңді-өзің емексіткен, жай күн өткізудің амалы сияқты.

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

 

«Адам өмірі – өзгенікі, ажалы ғана өзінікі» деген. Қаныштың еңбегі қазаққа несібе, қазына боп қалды. Ақ өлімі ғана өзіне бұйырды. Е.Славскийдың айтуынша, оның өлім сәтіндегі соңғы аманаты – Маңғыстау болған: «Маңғыстаудың байлығы бірнеше ұрпаққа жетеді. Оның әр тамшысын есептеп, үнемдеп ақылмен пайдаланыңдар. Байлығын халықтың тұрмысын жақсартуға ғана жұмсаңдар, – депті...»

Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»

 

Шынайы бақыт – адамның өз жан-дүниесімен үйлесім табуы.

Мұхтар Шаханов

 

Әсілі, кісінің қадірі көзі жұмылған соң білінеді ғой.

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: