Кітап үзіндісі
21/04/2026, 09:02

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Не есеңді жібермей ел қатарлы өмір сүру керек те, не болмаса құлдардың санын көбейтпей, жер бетінен құрып кету керек қой...

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

 

Ғылым мен өнер адамы үшін фәниден бақиға барар жол біреу-ақ – жұмыс істеу; басқаның бәрі алдамшы. Осыны жадыңа тұт.

Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»

 

Мен бақыттымын, сенің де бақытты болғаныңды қалаймын. Мен өте бақыттымын. Мен сенің жаныңда оянып, сенің жаныңда көз ілемін. Басқа ештеңені білгім де келмейді. Екеуміз туралы ойлаған кезде менің санамда күміс қоңырау сыңғырлайды, кейде тіпті скрипка ойнайды. Біз екеуміз-ақ мына көшені толтырып тұрамыз, бізбен бірге ол әуенге толып тұрғандай болады, кей уақытта жұрттың дауысы да еміс-еміс естіледі және кинодағыдай кадрлар жүріп жатады, бірақ әуен өшпейді. Ол әрдайым менің жадымда.

Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»

 

Бақытсыз адамға қалада түру жеңілірек. Адам қалада жүз жасаса да, өзінің әлдеқашан өліп, сүйегі шіріп кеткенін де байқамауы мүмкін. Өзіңді өзің сарапқа салуға уақытың жоқ, қол тимейді.

Лев Толстой «Крейцер сонатасы»

 

– Ана мен сауыққанда әкем келе ме?

– Әкең… Сен есейгенде келер,  қаласаң, өзің іздеп барарсың.

– Сонда әкем мені жақсы көрмей ме?

– Неге олай дейсің? – кез келген ата-ана баласын жақсы көреді.

– Тек менің әкем емес…

Салтанат Сәрсенбекқызы «Күн қыз»

 

Ұзақ уақыт қалыптасқан өмір тәртібін өзгерте қою оңайға түспес... Есік-терезесін өзің ғана ашып, өзің жауып жүрген әлеміңе бөгде жанды кіргізу – үйіңе құйын кіріп кеткенмен пара-пар.

Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: