Кітап үзіндісі
31/03/2026, 09:08

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Кейбiр өткен күндерiң өз уағында қанша ауыр тигенмен кейiн қайталанбас ерекшелiгiмен көкiрегiңдi ұлытып, жоғалтқан асылыңдай уайым салатыны бар

Ұзақбай Доспанбетов «Аяз бен Аптап»

 

Тәрбие берудің дұрыс жолы – ерте, бала кезде кеткен кемшіліктерді түзеу емес, бұл кемшіліктерге жол бермеуде, қайта тәрбиелеу қажеттігін болдырмай, алдын алуда.

Василий Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы»

 

Шынын айтқанда, мына өмірде бақыттың кішкентай бір бөлшегіне ие болу үшін аянбай тер төгіп, білек сыбанып күресуің керек, солай ғой?

Кристин Лёненс «Құрсаулы аспан»

 

Тіршілігіміз неден бастасақ ақылды арнаға тоғысады? – деді. Жүсіп: – Шынды білгісі келген адам әманда мына үш сұрақтың жауабын табуға тырыссын. Олар: Бұ пәниге қайдан кеп түстім? Мұнда не нәрсемен шұғылдансам екі тойым қабат, екі дүнием абат болмақ? Қандай іспен айналыссам айналама пайдалы боламын? Ең соңғысы: – Өлгеннен соң не боламын? Шыбын жаным қайда барып тұрақтайды? Міне, егер осы үш сұрақтың жауабын табуға шындап кіріссеңдер, көкірек көздерің ашылып, хикмет бұлағынан сусындайсыңдар, – деді.

Әділбек Нәби «Жүсіп-Зылиқа»

 

Біздің ессіз өміріміздің барлық мағынасыздығы да осында: сен періштеге, ақымаққа, қылмыскерге де айналуың мүмкін, оны бірде-бір ит байқамайды. Есесіне, Құдай сақтасын, бір түймең үзіліп қалсыншы, кез келген адам соны көзіңе шұқиды.

Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»

 

Өмір деген – ғажап дейді, түк те ғажап емес, əншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялдамада түсіп қалу, біреудің тойып секіруі, біреудің тоңып секіруі. Əлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой қажап ұйықтамайды; əлдекімдер ішігіне тас бүркеніп, уайымсыз тоқұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз –өзгенің бақытына қызығып өту ғана...

Оралхан Бөкей «Қасқыр ұлыған түнде»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: