| 05/03/2026, 21:27 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Адам әр қиындықты жеңгенде өмірі мәнге толып, өлімді жеңетін мүмкіндігі ұлғаяды. Тағдыр бізге қисапсыз қиындығын тоспаса, іштегі адами потенциалымыз ашылмайды. Кімнің батыр, кімнің қорқақ, кімнің залым, кімнің ғалым екенін қалай айырамыз? Тағдырдың қылбұрауына түскенде ғана олар бетке қалқып шығады. Пенде пақыр надандыққа осылай ұрынады. Ақыл қуатын сарқа жұмсап, өмірдің азабын айналып өтетін сан тарау жол іздейді. Жас ұлғайған сайын қиындық та күрделенеді. Пенде болса, «Енді сәл шыдасам, проблема өздігінен жоғалады» деп өзін алдаудан шаршамайды. Кей проблемалар асқына келе жүректі сыздатып, денсаулыққа әсер етеді. Ағзалар аурушаң келеді. Ондайда проблеманы шешіп тастап, жан мен тәннің тыныштығын орнатудың орнына түрлі биохимиялық препарат ішіп, ауруды басып тастаймыз. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
Өмірі дұрыс құрылмаса, адам өзінің мүшкіл халін елемеу үшін, буалдыр перде жасап алады. Лев Толстой «Крейцер сонатасы»
Көп жылдан кейiн қайта оралған жерде кiм де кiм ең алдымен өзiне таныс адам жүздерiн iздейдi ғой. Ұзақбай Доспанбетов "Аяз бен Аптап"
Адам — намыстың құлы. Сол намыс үшін оққа ұшып өліп кетсең де өкінбейтін кезің болады. «Адамның жаны жас кезінде артында, кәртейгенде көзінің алдында тұрады». Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
Ақыл айтқан үлкен адамға жарасады... және жастар да үлкен адамдарды сол үшін жаратылған деп ойлайды... тек, бір әттегенайы: ақыл айтқан үлкен адамның ҮЛКЕНДІК таныта алмай жататындығы. Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
Тағдыр деген қатал, ол алам десе, сенің малынды, дүниеңді – бәрін-бәрін алуы мүмкін, бірақ, оның адамнан тірлікте ала алмайтын бір нәрсесі бар. Ол – ар. Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
Оқушымен тек сабақ үстінде, мұғалім үстелінің ар жақ бетінде ғана кездескен адам бала жанын ұға алмайды. Ал баланы танымаған адам тәрбиеші бола алмайды. Мұндай адамға баланың ойы, сезімі, талабы жеті қат жердің астында жатқандай жабық. Василий Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы»
– Сөз қуған кісі ешқашан да тиянақты іс бітірмейді. Мен білетін әдемі сөйлейтін шешендердің барлығы да қолынан жазу келмейтін сабаздар. Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
