| 27/01/2026, 09:56 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Қазақтың еркегі жұрт көзінше әйелін құшақтап, өліп-өшіп жатпайды ғой. Бірақ баласын құшақтап, еміреніп бетінен сүюі — оның шешесіне деген сағынышын да білдіріп жатады. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
Шығарманың құндылығы мен оқырманның алғырлығы қабаттасып жатса - таң шапағымен ояна сала сүйіктісіне күнде ғашық болатындай ғажап күйді кешер ме едің. Әр бетін қайта аударған сайын, жаңа сыр мен нұрды танып, мағынадан мағына тудыра берер ме едің... Ой мен Сұлулықтың шексіздігіне қайран қалар ма едің... Баршаңызға тілерім, осы ләззатты түйсіну... Заман Самалбекұлы "Тірілген тастың күбірі"
Мәселе біреудің ақылын тыңдауда емес, оны өз ақылыңмен салыстыра білуіңде... Заман Самалбекұлы "Тірілген тастың күбірі"
Жастық шақ басымызда қанша тұрар дейсің. Ол да көрген түстей өтер де кетер бір күні. Ажарыңнан, базарыңнан айырып, кәріліктің де ауыл-үй қонатын кезі болар... Ұрпақ, тұяқ деген, міне, сол кезде керек адамға. Сол шақта сенің өзегіңді өкініш жайлап, аһ ұрып қапалануың мүмкін ғой. Бірақ ол кезде тым кеш болады ғой. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
Қуатты қиялмен бұл дүниеге қайтадан шақыра алатын бір ұрпағың табылмаса. Мұхтар Мағауин «Қыпшақ аруы»
– Қалқатайым, оқу оқы! Ала қағаздан басыңды алма! Сені бірдеңеге жеткізсе – сол жеткізеді. Әйтпесе көремісің – міне менің не болғанымды! – дегенде, бала тағы да жылап жіберіп: – Кінәлі сен емессің, саған тиген олар!.. – деп, содан әрі тықылып сөйлей алмады. – Оқысаң, соның бәрінен сен аласың. Маған тигендей, саған тие алмайтын болады. Көзің ашылады. Апаңның да, інішектеріңнің де көзін ашасың. Барыңды ала қағазға сал! Менде осыдан әрі саған айтар ақыл да, өнер де жоқ. Ойлап-ойлап келіп, саған тапқан бар ақылым осы, – деді де, тағы да бетінен сүйіп, құшақтап отырды. Мұхтар Əуезов «Қараш-қараш оқиғасы» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
