| 19/01/2026, 22:41 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Арақ деген бәле жаны нәзік, әлсіз жандарды жейтін жегі сияқты Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»
Әрбір оқиға дәл сол кезде, дәл сол мезетте болған дербес нәрсе емес, бұл оқиғаға дейін болып кеткен барлық факторлардың қосындысы. Айна Досмахамбет «Ажыраспа»
Шектен шығу Ересек періште қарамағындағыдан есеп алып жатыр. — Жағдайды екі ауыз сөзбен баянда. — Тірі. Жұмысына барып жүр. Үміт оты бар. — Неге үміт артады? — Айту қиын. Екі рет бақытты түс көрсеттім. Түсінбейді ештеңені. Жұмыстан шаршадым деп ойлайды. — Жұмыста не қызық? — Елдікіндей жұмыс. Бастық. Күйбең тірлік. Темекі түтініне көмілу. Өсек-аяң. — Бастығы қатал ма? — Бастық – кәдімгі бастық. Барлық жердегідей. Қатты қорқады одан, неге екенін... — Үрейін сейілттің бе? — Әлбетте! Кеңсеге бара жатқан жолда. Басында тұрып қанатыммен сабаладым. Тіпті бұлттар да сейілді. Құлағынан сарт еткіздім қанатыммен. Күнді байқасын деп. — Әдемі бейтаныс қыз? Бізөкше киген? Әтірі жұпар аңқыған? — Түү, сіз де, әрине кездестірдім... Бетпе-бет, метрода. — Сонымен? — Түк шықпады. «Кешіріңіз» деді де ары қарай өз ойына түсіп кетті. — Жұмыстан кейін ше? — Дүкен. Теледидар. Ыдыс жуу. Интернет. Ұйқы. — Теледидарды күйдірдің бе? — Әрине. Бірақ неге екенін жаңасын сатып алды... — Интернет өшірдің бе? — Бес күн қатарынан. Ол түн жарымына дейін жұмыста кешігіп отыра беретін болды. Оларда солай істеуге болады екен. — Солай де. Ал, демалыс күндері? — Түске дейін ұйқы. Пәтер жинау. Кешке достармен кездесу, мағынасыз әңгімелер, арақ ішу. Үйге кеш қайтады. Таңертең бас жазу. Көрпе астынан шықпайды. Теледидар қарайды. Немесе интернетте отырады. — Ал, қыз ше? — Өте жақын. Үш үйден кейін тұрады. Күнде бір супермаркетке барады екеуі де. — Кезекте түйістірдің бе? — Жарғыда көрсетілгендей. Тіпті одан тыс автобус аялдамасында да, мерекеде де. — Тағдырлары тоғысуы тиіс пе? Тексердің бе? — Иә, тоғысады! Бәрі де содан басталды емес пе... Бұл өзі екі түрлі бір сұмдық қала... Түсініксіз өмір салты... Қолымнан келмейді! Жүзеге аспайтын тапсырма! — Әңгімені доғар! Қатты әсер ететін құбылыстар тізімің қайда? — Міне, басеке! Грипп, температура. Буын шығу, сүйек сыну. Автокөлік апаты. Банкрот болу. Өрт. Көшедегі бейберекетсіздік. Қаржы дағдарысы. Азаматтық соғыс... — Доғар! Жеткілікті... Осымен екі жүз сексен бесінші баяндама, бәрі бір сарынды... Жұмыс істеуді қойдыңдар, түге! Көршілес тораппен хабарлас. Ұлы Махаббат үшін шектен шығу әрекетіне рұқсат алдым деп есепте. Тек бірін ғана таңда. — Құп болады! Бірін ғана таңдауға. Алла сыйлаған әр мүмкіндікті көріп, қабыл алыңыз. Періштеңіздің шектен шығуына жол бермеңіз… Шынар Әбілда баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 16 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
