| 13/01/2026, 08:54 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Өмір деген кіл сұрақтан тұратын секілді. Адамдардың жауап іздеумен жүретіні содан болар. Жақау Дәуренбеков «Ойдауа»
Барлық ғұмыр ғана емес, сол ғұмырды бағыштаған барлық ісіміз — елеске айналады. Мұхтар Мағауин «Қыпшақ аруы»
Сүйсең өмірге тоймайсың, сүйсең, мәңгілік ғұмыр кешкің келеді, адамды сүю – өмірге ғашық болу... Әлихан Жақсылық «Сені іздедім»
Адам мен адамның қарым-қатынасы бар жерде еңбек пен шыдам керек. Еңбектену барысында өзіңді ұмытпай, соңғы орынға ысырып тастамай, қалай болса да, бақытты сезіне білу керек. Бізді көп жағдайда басқа адам емес, өзіміз қинаймыз. «Ештеңе өзгермейді», «бәрі жаман», «түк шықпайды» деген үміт отын өшіретін ойларымызбен өзімізді қинаймыз. Үміт те бар, бәрі де жақсы болады, өзгеретін нәрсе өзгереді. Айна Досмахамбет «Ажыраспа»
Басқа түскен бәлеге айла, шара таба алмай, бәле үстіне бәле тілеп алу жақсы талапты аңғартпайды. Өмірдің ащысы мен тұщысын тата білген абзал. Өмір деген үнемі жылы, әзелде тәтті бола бермейді. Асудың-тосуы, алмақтың салмағы бола береді. Соның бәріне көне, көтере білген де ер. Сәуірбек Бақбергенов «Қайран шешем»
Ол мені естімесе де, қайырлы түн тілейтін адамым бар. Көзімді тырнап ашқаннан ойымнан шықпайтын жан. Ол алыста. Бірақ үнемі жүректе. Оны көргенде ғана жанын дір еткізетіндей ессіз жымиятыным бар. Ол үнемі жырақта. Алайда менімен рухтас. Жүректің егізі. Ойыма оралған сайын құшақтағым келе береді. Ол күндіз-түні санамда. Оны жүректе сақтап, қиырдағы қалаға, алыс елдерге алып кетем. Оны уайымдап, дұғама қосам. Зарыға сағынам. Арамызды үнсіздіктің мұхиты мен түсінбеушілік аралы бөліп тұрса да, әрдайым оның «қайырлы таң» дегенін күте берем. Алина Ермолаева, аударған Шынар Әбілда баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
