| Вчера, 16:38 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Жүр күлкім де өзгенің миығында. Миығында, Қу көздің қиығында. Ал шапаным Өмірде жолы болғыш Кете барды жолдастың иығында... Қадыр Мырза Әлі
Жүрек жарасы тартылмай, көз жасы құрғамайды. Айна Досмахамбет «Ажыраспа»
Ертең із-түссіз жоғаламыз. Ертең болмаса, келер жыл, келесі ғасыр, бір заман — беймәлім ықылымда. Мұхтар Мағауин «Қыпшақ аруы»
Тіпті тек жақсы көрген адамына ғана айтылатын «айналайын» мен «жаным» деген сөздің де айырмасы барына кейін көзім жетті. Бірақ адам оны білмей де жақсы көре береді екен, ал біліп барып жақсы көргенің одан әлдеқайда мәндірек, мағыналылау. Стихиялы емес, саналы сезім. Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»
Қай адам көбірек ресурс берсе, сол адамға айрылысу ауыр тиеді. Ол тек ақшалай ресурс емес. сіздің уақытыңыз, кешіріміңіз, үмітіңіз, ойларыңыз, істеріңіз – бәрі де маңызды! Сіз неғұрлым сол қарым-қатынасқа «баспен кіріп» кетсеңіз, шығуыңыз соғұрлым қиын болады. Соғұрлым сіз оны ұмыта алмай қиналасыз. Шешім қандай? Сүйікті адамыңызды қанша жақсы көрсеңіз де, ешқашан өзіңізді ұмытпаңыз. Сіз – өз өміріңіздегі ең маңызды адамсыз! Артық уақытыңызды өзіңізге арнаңыз. Артық ақшаны өзіңізге жұмсаңыз. Артық ресурстарды тек өзіңізге жұмсаңыз. Қарым-қатынас екі адамның тең әрекет етуі. Айна Досмахамбет «Ажыраспа»
Бір іске ұмтылғанда тағы бір мағыналы істі назарда ұстап отыр. Ол саған қосымша аэродром іспетті болсын. Бірінші жолаққа қона алмай қалсаң, екінші алаңға қона саласың. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Жұмабек және жер майдан» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 1 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
