Кітап үзіндісі
09/12/2025, 09:34

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Бір жаққа кетсем бе бекен?  Келетін бе, келмейтін бе? Келетінің бар несіне кетесің, ақымақ. Мықты болсаң келмейтін жаққа бет түзе. Бір жола...(Күледі) Келмейтін жақтың иесі – Тәңірім емес пе? Маған бағынбайды. Мен пақырдың оған әмірі жүрмейді. Келмейтіндер мекені – менікінен өзгерек, басқаша... Сандырақ... Бұл не сандырақ. Осы мінез ғой өзімді де, өзгені де ығыр қылған.

Роза Мұқанова «Өмір солай...»

 

Әркімнің көңілі қасиетті Қағба іспеттес. Демек, біреуді ренжітсең, көңіл Қағбасын жыққаннан бетер болмақ. Оны қалпына келтіру қиын. Қағылған шегені суырып алып тастасаң, бәрібір орны қалады. Ренжіген көңілді қанша кешірім сұрап, алдынан өтсең де, бәрібір табы қалады.

Мирас Кесебаев «Нағыз жігіт»

 

Жанға дауа, міне, осы жер. Тіршілікке аралассаң, пенделігің қозады. Пенде болған соң, күнәң артады. Біреуге ренжисің, біреуді ренжітесің. Ал мұндай жер мен сияқты қартқа керек. Тұңғиық, мүлгіген тыныштық. Сөйле! Сөйлеме! Өкін! Өкінбе! Жыла! Бар сезімің өзінде, өзіңмен бірге. Әйтеуір жердің үстінде жоқсың деген сөз. Жан баласын көрмейсің қандай жақсы. Көрмеген соң ой да таза, пейіл де таза, өзің де таза.

Роза Мұқанова «Өмір солай...»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: