Кітап үзіндісі
01/12/2025, 23:22

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Өмір деген — жай ғана күндер тізбегі емес. Ол — сынақтар мен сабақтар, қуаныштар мен көз жас араласқан үлкен жол. Сол жолда сен жалғыз емессің...

Бақдәулет Ибрагимов «Әке жүрегінен қыз жүрегіне»

 

«Адамдар аштыққа да шыдайды, ауыр жұмысқа да шыдайды. Махаббат пен мейірімнің жоқтығы ең ауыр азап шығар» деп хат жазыпты құрбым.

Саған күнде жүз адам «әдемісің», «ақылдысың», «талантсың», «білімдісің», «мықтысың» десе де, жақсы көрген адамыңның «Махаббатым!» деген сөзіне жетпейді.

Бала кезіңде сені әкеңнің: «Менің қызым әдемі, ақылды» деп өсіруі – болашаққа құйылған инвестиция. Әкеңнің махаббаты сенің жүрегіңді адами махаббатқа бөлейді. Бүкіл әлемді, адамдарды жақсы көресің, шынайы жаның ашиды. Әкеңнен алған махаббат көпке дейін сені қорғайды. Жігітіңді, тұрмысқа шыққан соң күйеуіңді, балаңды махаббат пен мейірімге бөлейсің.

Аягүл Мантай

 

Қалай-қалай соғасың, қан-жүрегім?!

Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.

Торға түскен торғайдай боп барасың,

Қаршығадай самғаған алғыр едің...

Мұхаммедқали Сүлейменұлы

 

«Ойыма не келсе, соны істеймін» деу адамның еркіндіктен айрылып қалғанын көрсетеді. Яғни ол еркіндіктің емес, құмарлықтың тұтқынына айналады. Жауапкершілік феномені араласпаған жерде еркіндік құмарлықтың қанжығасында жылап кетеді.

Санжар Керімбай «Махаббаттың мәні»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: