Кітап үзіндісі
25/11/2025, 08:58

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Біздің, адамзат баласының, ең ділгір дүниеміз, әрдайым шөлдеп, аңсап табысатынымыз, жоқ болса, шарқ ұрып іздейтініміз сол махаббат деп аталатын іңкәрлік емес пе еді?! Өмірдің күн нұрынан кейінгі қызуы сонда жатқан жоқ па? Абай «Махаббатсыз дүние — бос» демейтін бе еді? Ендеше қорықпайтын нәрседен қорқып, үрікпейтін нәрседен үріккеніміз не?!

Серік Асылбекұлы «Рәбиғаның махаббаты»

 

Отбасылы болу ешқашан оңай болған жоқ, оңай болып кеткені – ажырасу.

Айна Досмахамбет «Ажыраспа»

 

Ой, қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның атағына қызықпағайсың! Өзіңді-өзің күң қыласың! Ой, балалар-ай! Дүниеде бойың өспей, бұғанаң қатпай тұрып, туған анаң өлмесін! Жас жүрегіңді қанды жаспен шер қыласың! Ой, көк өрім, жастар-ай! Көкірегіңдегі жылы жүректі, бауырмалдықты кім берді саған? Әлдилеген, аялаған, аяған, бабың болып бағып-қаққан кім сені? – Ана, ана, мейірімді ана. Адамды сүйгіш, ар-ұятты, көргенді бала болсақ, әкемізге бір есе, анамызға он есе борыштымыз. Тәжім еттік бізді тәрбиелеген аналарға! Көп жасасын аналар! Көсегесін көгертсін балалар!..

Жүсіпбек Аймауытұлы «Ақбілек»

 

Қазіргі махаббат, ыстық сезім осы қалпы өле-өлгенше сақтала береді деп ойлама. Махаббатты сақтау үшін үнемі өсіп, ылғи рухани жоғарылап отыр. Тәніңді тәрбиелемесең, жаныңды тазаламасаң, ақылыңды көбейтпесең, махаббат та тоқтау судай тобарсиды. Махаббат үшін де күнделікті күрес, қарапайым еңбек керек.

Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»

 

Адам өзін аялауын қойғанда,

Өмір оны аямайды екен ғой…

Мақпал Жұмабай

 

Жиырма жасқа келіп үйленбеген жігіт — халық жауы.

Бауыржан Момышұлы

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: