Кітап үзіндісі
14/10/2025, 11:54

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.

Қадыр Мырза Әли «Жазмыш»

 

Шырағым-ау, енді қоғам ұнамады деп бүкіл өмірімізді тоқтатып қоямыз ба? Бұдан да жаман заман болған, сонда да адам тірлік етіп, өсіп-өнген. Әрі-беріден соң сенің отбасыңның шаруасы да осы қоғамның проблемасына жатпай ма? Екіншіден, үш адамнан тұратын кіп-кішкентай отбасыңа ие бола алмай отырып, бүкіл қоғамды сынаған нелеріңді алған.

Төлен Әбдік «Ардагер»

 

Біздің өмір жолымыз – ешбір ұзындық өлшеміне сыймайтын шетсіз, шексіз марафон. Мықты болсаң, ақырына дейін шыдап көр. Шыдай алмасаң, мен Адаммын деп көкірегіңді керме. Сен екі аяқты малсың…

Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»

 

Қызғаншақтық кейде пәк адалдықты да аңғарттырмайды. Жазықсыз жанды кінәламас үшін тек үлкен жүрек, адал жүрек қана емес, салқын қан, сабырлы ой керек. Оның бәрі бірдей бір адамнан табыла бере ме? Жоқ, табылу керек! Мен орта ғасырдың мавры емеспін ғой, жиырмасыншы ғасырдың адамымын! Жиырмасыншы ғасырда Дездемоналар қандай сирек кездессе (бұл ойға мен Ақбаянның опасыздығын алғашқы естіген күннен бастап-ақ, бекінгем), Отеллолар да сондай сирек кездесуге тиісті. Махаббат бұрынғыдай арманға емес, біздің ғасырымызда тек өмір қызығына айналған жоқ па? Ал өмір қызығын қашан да болса ауыстыруға болмай ма? Бірі қолыңа түспесе, екіншісін іздесең, кім күнәға санайды? Бұны ешкім де күнә демейді.

Ілияс Есенберлин «Алтын құс»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: