| 07/10/2025, 20:30 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі. ©️Қаныш Сәтбаев
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі. ©️Әбу Насыр әл Фараби
Әдетте біз жетістікке тура жолмен жетуге ұмтыламыз. Оған жеткенше асығамыз. Өмір шындығы сол-қанша күш жұмсасаң да, оның нәтижесі уақыт өте келе көрінеді. Ал оған дейін атқарылған жұмыстардың қаншалықты маңызды екенін түсінуге айлар, тіпті жылдар қажет болады. Кейде апталап, айлап тынбай әрекеттенгендер оның нәтижесін көре алмай, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей үзіп жатады. Еңбек еш кетпейтінін ұмытпаған жөн. Нәтиже бірден емес, біртіндеп көрінеді. Атқарылған жұмыстардың жемісін көретін, күш жігердің бекер жұмсалмағанын түсінетін сәтті төзіммен күту керек. “Атом әдеттер” баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
