Кітап үзіндісі
30/09/2025, 09:18

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адамдар тағдыры алуан түрлі екенін естен шығарма. Кінәла, кемшілігін біл, жақсылығын да көр, бірақ адам деп сыйлауға тырыс, басқа қолыңнан келмесе, ең құрыса ая. Адамдардың арасын кінәлау, жазалау мен жазғыру сияқты қатыгездіктер жақындатпайды, – аяу, кешіру, жаны ауыру сияқты нәзік, бәлкім, әлсіз сезімдер қиюластырады. Санасыз жануарлар да бірін-бірі аяйды, біріне бірінің жаны ашиды, олардан артыла алмасақ, адам атанғанымыз бекер. Ауық-ауық мұны да ойлай жүр, қызым. Жануарлардан жоғары тұру – ол баршамызға адамдық міндет.

Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»

 

Мен кешігіп келсем де, жазғырып қарап, зіркілдеп сөйлеме, жарай ма?! Кешіксем салмақты себебі бар. Маған сенсең болады. Бірақ мен кешіккенім үшін кешірім сұрап, ақталады деп ойлама. Ондай әдетке итермелесең ұсақталып кетем. Содан соң өзің-ақ қадірлемейтін боласың, – депті.

Санжар Керімбай «Бейсен және болмыс»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: