| 23/09/2025, 09:40 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Ойлағанындай күйеу кез келе берсе, әйел заты түгел бақытты болар еді. Жақсы адамға жақсы адам жолыға да бермейді. Тағдыр билейді, сәттілік біледі дейтініміз, бәлкім, содан. Қыз бала өз ұнатқан адамының қандай екенін, қаншама жанын сап зерттесе де, ешқашан алақанындағыдай анық-қанық біле алмайды. Қыз қанша қу болғанмен, жігіт те сырын оп-оңай алдырмайды. Қыз көңілін қарату үшін қай жігіт қулық жасамайды, қайтіп бар талантын жұмсамайды?! Бірақ еркектің бойындағы адалдық пен жақсылықты әйел өз бойындағы адалдық пен жақсылықтың мөлшеріне байланысты таниды. Ол мөлшерді анықтай алатын жалғыз таразы – жүрек. Таразың жаңылса, тағдырыңды қара түнек қаптайды да кетеді. Сондықтан сол таразымыз түзу тартуы үшін оқимыз, үйренеміз, талпынамыз. Таразымыздың түзулігі жолында бүкіл тіршілігіміз құрбан. Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»
Алимент дауын болдырмаудың жалғыз жолы – дұрыс адамнан бала туу. Бұл сұрақты үйленбей жатып талқылауға болмайды деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Дінге берік адам баласы үшін жауапты болады деп ойласаңыз да, қателесесіз. Намаз оқып, уағыз айтып алимент төлеуден қашып жүргендер қаншама. Үйленбей тұрып бәрі жақсы, бәрі саналы. Ажырасу адамның шын бейнесін ашады. Айна Досмахамбет «Ажыраспа»
Байқап қараңыздаршы, осы уақытқа дейін біздің өкіметіміз бүткіл қоғамның тәрбиешілері — мұғалімдер қауымына не материалдық жағынан, рухани жағынан мемлекеттік қолдау көрсетті ме? Жоқ, сандаған жылдар бойы бюрократиялық аппарат бізді игілік атаулының бәрінен кейін ысырып тастады. Олар бізге ұлтымыздың ар-ұжданы, имани тәрбиешілері ретінде емес, бар болғаны өздерінің идеологиялық қызметшілері ретінде ғана қарады. Серік Асылбекұлы «Рәбиғаның махаббаты» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
