Кітап үзіндісі
08/09/2025, 17:52

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Түңіліп мына жалғаннан,

Пиғылы жаман жандардан,

Қорғаным болар деп жүрген,

Жақының жара салғаннан,

Ауырып жаның тұрса да,

Бас тартпа биік арманнан,

Ертеңге сен...

Әділбек Қаба

 

Әйелінің қабағына қарай алмаған адам бала-шағасын бағып-қағып отырған кісіні ренжіткен адам – елдің қамын жеп жарытпайды. Бір кісінің бабын білмеген мың кісінің бабын қайдан табады?

Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»

 

Еркелейтін кісіңнен айрылғанда ғана сол кісіңнің қадір-қасиетін біле түседі екенсің әрі тіршіліктің өзі де салқын тартқандай болады екен.

Асанәлі Әшімұлы «Майраның әні»

 

Ақжарқынсың, аңғалсың. Сүюдің қасіретін, қорқынышын, азабын білмейсің ғой, білмейсің…

Жібек Зинелова, Шразаддин Каниязов «Жүрекке билет»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: