| 01/09/2025, 15:42 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Анаңның алдына барып жыласаң, бүкіл қайғы-мұңыңды шағып жылайды екенсің, басқа жақынына өйте алмайсың. Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар»
Келешек? Ол сенің бағың. Ол өзің құрған қақпаның. Не түседі ол қақпанға? Қандай аңға арнап құрдың ол қақпанды? Бәрі өзіңмен байланысты. Өз келешегіңнің аңшысы сен өзіңсің. Түлкі соғасың ба? Әлде өмір — қызыл түлкі сені соға ма, бәрі де тағы сенің ез күшіңмен, дүниеге деген көзқарасыңмен шиеленіскен. Сол шиеленіскен түйінді қалай шешесің, міне гәп қайда! Ілияс Есенберлин «Алтын құс»
Адам біле түскен сайын өзінің түк білмейтінін сезіне түседі. Ал білім деген – шексіз. Оқи бергенге, біле бергенге ештеңе жетпейді. Есей Жеңісұлы «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!..»
Жаңбырлы маусымнан жаурамай шығыңыз. Ізгі тілекпен: сіз танитын жүректің иесі... Зинелова Жібек, Шразаддин Каниязов «Жүрекке билет» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 18 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
