03/06/2025, 23:49 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Бұл өмірде ең мықты зауал – белгісіздік екен. Белгісіз нәрсені күту екен. Зияш Телеуова «Бет перде»
Кейбір пенде ажал жайлы ойламасам көңілім тыныш болады деп есептейді. Бірақ бұл тыныштықтың да өтеуі бар. Өзіңнен жаттанып, болмысыңды бөтенсіп, оны қабылдай алмай қаласың. Тағдырыңа жаны ашымас ақымаққа айналасың. Өзіңнің емес, құдды бір қас дұшпаныңның өмірін сүріп жүргендей бағалы күндеріңді қалай болса солай өткізесің. Өкінбей өлгің келсе, ар-ұяттың қуатымен өмірлік МҰРАТ пен МАҚСАТЫҢДЫ айқындап алуға міндеттісің. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Өзбекәлі және мәдени майдан»
Өмірді түсінудің керегі жоқ. Өмірді тек сүру керек. Мәтт Хэйг «Түн ортасындағы кітапхана»
– Өмір сүргім келеді, жолдас комбат, – дейді. – Тек ниеттену аз... оны іспен көрсетуің керек. Сен сөзбен өмірге құштармын дейсің, ал іс жүзінде көрге түсіп барасың. Ал мен сені ол жерден ілгекпен тартып алмақшымын. Александр Бек «Волоколамск тас жолы»
Бірде ұстаз шәкірттерінен: – Үлкен бақытсыздық не? – деп сұрапты. Әркім әрдеңені айтып жамырасады. – Жоқ, – деді ұстаз. – Үлкен бақытсыздық деп жүректің өлуін айтады. – Жүректің өлуі деген не? – дейді мүридтері. – Жүректің дүниеге толық байланып қалуы, – депті ұстаз. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
«Осы бұрынғы қазақ бала тәрбиесіне қаншалықты бас қатырды екен» деген ой келуші еді кейде. Арнайы «Мынаны былай тәрбиелеу керек» екен деп кітап ақтарып, психолог іздеп, сарсаңға түспей-ақ, небір өнегелі ұл-қыздарды өсірді емес пе? Ойлап бақсақ, ол кездегі тұрмыстың өзі де тәрбие болған екен ғой. Қонақ келгенде өз бөлмесіне кіріп, есігін тарс жауып, «бұлар қашан кетер екен» деп компьютер шұқылап отыратын балаларды көріп жүрміз. Олардың психологиясын анау қонаққа су құйып, зыр жүгіріп жүрген бұрынғы балалармен салыстыруға келмейді. Келген қонақтардың әңгімелерін тыңдап, әнін естіп, күйіне елітіп... еліктеп, құрметтеп, қызмет қылып, өзі де алғыс алып... Әжемнің «Біреуден алғыс алуға ынтық болмай, қалай адам болады деп отырсыңдар?» деген сөзінде өте ұлы ұғымдар жатқан секілді. Бала қызмет қылса, үлкендер, әрине, алғысын айтады, бала марқаяды. Көпшіл болып есейеді, біреуге қызмет еткісі келіп тұрады. «Береген қолым – алаған». Бұл да біреудің сенімі мен көмегінен тыс қалмайды. Біреуге рахмет айтқыза алмай, рахмет айтса оның қадірін сезінбей... қалай өмір болмақ?.. Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»
Шіркін, біздің өмірлеріміз тек ертегі күндерінен тұрса ғой! Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |