27/05/2025, 23:05 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
«Көңілі кедейді ештеңемен байыта алмайсың» деген. Сондықтан көңілдің байлығын ойлайық. Көңілі бай адамға дүниенің алтын-күмісі сөз емес. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
Бұл тағдырдан тілеймін: – Кімнің болсын Өз бақыты өзіне бұйырсын! – деп! Қатира Жәленова
Менімше, адам беріле сүйген, немесе құмарлық отына өртене азап шеккен жерлердің бәрінде де пәк сезімнің жұпар иісі сақталып қалатын тәрізді. Сомерсет Моэм «Сары»
Менің бір ұққаным: ең бастысы – адалдық екен; өз-өзіңе адалдығың, өзге жұртқа, достарыңа адалдығың. Адалдығың мен риясыздығың. Ебіней Бөкетов «Жас Қаныш»
Өзіңе адал бол, басқаға еліктеймін десең, жар түбіне құлайсың. Басты мақсат – табиғи болмысыңды сақтау. Ойың да, әрекетің де өзіңдікі болсын. Өзіңіздің ең шынайы болмысыңызды табыңыз. Соны қабылдаңыз. Қолдаңыз. Жақсы көріңіз. Сол болмысты сақтап қалу үшін жұмыс істеңіз. Біреулер сізге күліп, мазақ етуі мүмкін, оларға мән бермеңіз. Өсек-аяң қызғаныштан туады. Басыңды тік ұста. Төзімді бол. Тоқтамай жүз… Мәтт Хэйг «Түн ортасындағы кітапхана»
...Анамыз бізді біржола тастап кетті... Содан бері бір ертегі де тыңдамадым, оны маған ешкім айтқан да емес. Сол кездерді қалай сағынамын десеңші... Ана... Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық»
... Біз құдайларын балшықтан илеп алатын мәжуси де, шоқынды жұрт та емес, хақ жолындағы мұсылманбыз, обал тұрған жерде сауап барын ұмытпайық. Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |