21/05/2025, 00:58 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Біреулер қазақты «жалқау» деп жазғырып жатады, жалқау болсақ, біз жалқау шығармыз, жатыпішер, масылдық біздің бойда бар шығар, аталарымыз олай болмаған, жігіттер! Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»
... Дамыған елде үкімет түрме соғардан бұрын ол аймақтағы халықтың кітап оқу құмарлығын өлшемге алады. Кітап көп оқылатын аймақта үлкен түрмелер соғылмайды. Керісінше кітапхана мен кітап дүкені мешеу қалған өңірден қылмыскер көп шығады. Сол үшін де үлкен түрмелер халқы кітап оқымайтын аймақтарға салынады. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Өзбекәлі және мәдени майдан»
А, Құдай, кітап жаратқаныңызға зор алғыс! Әйтпесе, адамдардың әңгімесінен есім баяғыда-ақ ауып кетуші еді. Уистен Хью Оден
– Сіз онымен хабардасыз ба? – Жоқ, дұғадамын… Ерболат Әміре «Тармақтар. Сезім хаттары»
Арызды қазақта әділдік іздегендерден гөрі қызғанған, көре алмаған, қастық ойлаған адамдар көбірек жазады. Бексұлтан Нұржекеұлы «Бейтаныс әйелдің құпиясы»
Шіркін, атақ дегенің балдай тәтті нәрсе ғой. Дәмін бір татсаң құмар адамдай аңсайсың да тұрасың. Кейде ол ұрланып кіріп уландырғанын да сезбей қаласың. Даңқ пен атақтың айдынында жүзген адам көңілі шалқып, асып-тасып, дүниенің бәрін де ұмытады ғой. Сансызбай Сарғасқаев «Сұлутөр» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |