Кітап үзіндісі
12/05/2025, 23:19

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Балалар үйінде бәріміз бір шатырдың астында өмір сүрдік, бірдей киім кидік, бәріміз бірдей тамақ іштік. Қалайша өмір бәрімізді әр жаққа лақтырды? Біздің топты мысалға алайын. Жиырма шақты бала болатынбыз. Содан бері көп уақыт та өтпеді. Міне, солардың төртеуі бұл өмірде жоқ, сегізі түрмеде отыр... Осыны ойлағанда жаным егіліп, тамағыма бірдеңе тығылып қалады. Оларға неге тағдыр осылайша қатыгез болды екен? Бірге өстік, қиындықтарды бірге жеңдік, бірақ оларға өмір өте қатал болды, алғашқы жолда-ақ қанаттары сынды... Неге? Оларға бала кездерінде ешкім ертегі айтпағандықтан болар...

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық»

 

Алғаш рет «әкелегенімді» енді келмеске кеткен марқұм әкем естіген жоқ...

Әбдікерім Мұратов «Шегемдік қыз»

 

Шәкірттер, бір-біріңмен ұрыспаңдар,

Мінездің мінін алып, дұрыстаңдар!

Жолына жамандықтың жақын бармай,

Күтініп күн ілгері жылыстаңдар!

Күшіктей күжірейіп бір-біріңмен,

Ұстасып, от басында жұлыспаңдар!

Себепсіз сотанақтық қылғандарды

Тезге сап қызыл тілмен, қылыштаңдар.

Жасыңнан оқу оқып, үлгі үйрен де,

Ел билеп, ұлғайған соң тыныстаңдар!

«Болайын жақсы жігіт!» дегендерің

Ұстаздың осы айтқанын шын ұстаңдар!

Санжар Керімбай, Айбек Нәби «Өзбекәлі және мәдени майдан»

 

Адамның сенімі түсініксіз нәрсе, қауашағындағы миын шайып жіберсе, кез келген өтірікке сенуге дайын. Ол үлкен өтірік пе, кіші ме… неше дипломы болса да сенгісі келіп тұрады. Өйткені эзотерика елді эпидемия сияқты жайлап алған.

Жадыра Шамұратова «Сандық»

 

– Ештеңе етпейді, оқасы жоқ... Мен өлмеймін.

Бұл – оның соңғы сөзі екен.

Александр Бек «Волоколамск тас жолы»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: