05/05/2025, 10:54 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Еркектің күйреуігінен жек көретінім жоқ. Біздің үйдің отағасы Құдай деген адам ғой, сонысына қарай, шүкір, Құдай қосқан екі қосағы аман-есен, оңы мен солында отыр. Сенің Әлимаң кімнен кем еді? Құдайға астамшылық жасаймын деп жүріп одан айырылдың. Сонда да тәубаң аз, өзгенің қолда барын көре алмайсың. Бізді көрген сайын бүйтіп қу жаныңды жегенше келмей-ақ қойсаң болмай ма?! Ебіней Бөкетов «Жас Қаныш»
Жиырма бес жаста бәріміз де тым әсершілміз, ақылымыз аз, дүниені қисық көреміз, бірақ өйтпеген күнде елу жаста дана да болмас едік қой... Сомерсет Моэм «Сары»
Махаббаттағы шын трагедия – өлім де, айрылысу да емес. Бір кезде бар арман-тілегіңді жолына бағыштап, жан тәніңмен сүйген, онсыз бір сәт тағат тауып отыра алмаған әйелге арада бірнеше жыл өткеннен соң қараған кезінде оны осы қазір жер жұтып кетсе де былқ етпейтініңді аңғарғаннан асқан қайғы бар ма. Махаббат трагедиясы – суынуда. Сомерсет Моэм «Сары»
Мұңдасқың келеді, оныңды Ұғар ма сүймеген сормаңдай?.. Бауыржан Игілік
Өмірдің жолы биіктей беретін бұралаң соқпақ қой, онымен өрмелеу үшін қолыңнан тартатын аға, қолтығыңнан демейтін іні болса, біраз жеңілдік. Бексұлтан Нұржекеұлы «Бейтаныс әйелдің құпиясы» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |