Кітап үзіндісі
21/04/2025, 22:32

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Атышулы …ологтар қызметін қомақты ақшаға бағалап, адамдар сол курстарды бірінен соң бірін сатып алып, кеңірдегінен келсе де «болдым, тойдым» деместен, коучтан коуч қоймай жазылып, өздерін терең зерттеуге кірісіп кеткен. Ақшасы барлар әр айына, аптасына, бизнесіне болжам жасататын болды. Олар үшін астролог болжамы өмірлік бағытын көрсететін компас секілді.Қыздар жігіттің өзін көрмес бұрын қай шоқжұлдыз белгісінде туғанын сұрайды, жас аналар балаларын қалай елдің баласынан ерек қылып өсіруге болады деп ұйқысы қашып, күйеуін жаңа даму сатысынан көргісі келетіндер Пәтіркүлге жүгінеді. Егер адам несиесін жаба алмай жүрсе, ол үшін өмірдің мәні — ақша, егер ауырып-сырқай берсе, оған керегі — денсаулық. Ал ақшасы да, денсаулығы да барларға өмірі махаббат керегіп жүретінін Пәтіркүл біледі.

Жадыра Шамұратова «Сандық»

 

— Жолың болсын. Менi ұмытпа. Ертең тауға кетем. Әкемнiң жолын жалғап, мыңғырған қой айдаған шопан боламын, — дедi ықылық атып.

Дала тастай қараңғы едi. Бiраз жер ұзағанымда аңғал досымның айқайын естiдiм.

— Алмат, адасып кетпе. Қазiр өлiара ғой, — дедi. Иә, шындығында өлiара кезең бұл. Мезгiлдiң ғана емес, бiздiң өмiрiмiздiң де өлiара кезеңi. Адаспауым керек деп ойладым аяғымды тәлтектеп әрең басып келе жатып.

Бейбіт Сарыбай «Өліара»

 

— Кешіріңіз, жаңа ғана маған қоңырау шалған сіз бе?

— Иә, кешіріңіз, нөмірді шатастырыппын.

— Өкінішті...

— Несі өкінішті?

— Дауысыңыз сондай жағымды екен.

— Сіздікі де ерекше жағымды. Мүмкін... Қаласаңыз, қайта хабарласайын?

Ринат Валиуллин "Все ее удовольствия"

 

Кейде біздің халық отты айналған бақсыға ұқсап кетеді осы. Кітап туралы жиын көп, жиналыс көп. Кітаптарды ортаға үйіп қойып айналып жүрміз, айналып жүрміз. Бақсыдай бәлду-бәлду емей не деп ойлап қаласың кейде. Қашан кітап оқимыз ал?

Ырысбек Дәбей

 

Бәрін айту, түгел айту мүмкін емес. Тегінде билік оңай да, біліп айту қиын…

Медеу Сәрсеке «Қуғындалған Сәтбаев»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: