Кітап үзіндісі
15/04/2025, 22:45

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Ебіней Бөкетов «Жас Қаныш» – Болашақ академиктің балаң шағы, ғылымға бет бұрған сәттері мен биікке жетелер бала қиялы. Тарихи тұлғаны жақыннан тануға мүмкіндік беретін туынды.

 «Кәдімгі тас емес, жердің терең қатпарларынан шыққан шежіре секілді еді…»

 

Әбдікерім Мұратов «Шегемдік қыз» – тау бөктеріндегі тіршілік, кавказ қызының болмысы мен тағдыры шебер суреттелген. Тілі шұрайлы, оқиғасы шымыр.

«Тау қызының көзінен аспанның өзі жымиғандай көрінді…»

 

Төлен Әбдіктің әңгімелер жинағы (Бас сүйек, Жат перзент, Көктерек, Таласбай, Қойшығұл, Ондатр бөрік, Аялдамадан аялдамаға дейін, Сәби туралы сыр)

Бұл – жай ғана оқиғалар емес. Әрқайсысы жеке әлем:

• «Бас сүйек» – абсурд пен ақиқаттың шекарасы қайда екенін сұрайды;

• «Жат перзент» – жатсыну мен жалғыздық туралы;

• «Сәби туралы сыр» – ең кішкентай жүректің үнін тыңдауға үйретеді.

«Көңіл түбіндегі бір көмескі ойдың сұлбасы сияқты – түсініксіз де таныс…»

 

Молдахмет Қаназ «Қияндағы күн нұры» – ауыл өмірі, қарапайым адамдар тағдыры мен адамгершілік мәселелері баяндалатын, жаныңа тыныштық сыйлайтын туынды.

«Күн көзі қырдың арғы бетіне баяу еңкейіп бара жатты. Бірақ бір үйдің терезесі енді ғана жылына бастағандай еді…»

 

Дэниел Киз «Алжернонға арналған гүл» – ақыл-ой мен жан дүниенің арақатынасы, адам болмысының мәні туралы, сезім мен ойды қатар қозғайтын кітап.

«Мен бақытты болған шығармын. Әйтеуір, мен соған сенгім келеді…»

 

Қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе қыстырма!

Медеу Сәрсеке «Қуғындалған Сәтбаев»

 

Өмірдің бастауы – ошақ, – деген әкем сонда, – ең бірінші ошақтарыңды жөндеңдер!

Әбдікерім Мұратов «Шегемдік қыз»

 

— Мен папамды не үшін жек көремін, білесің бе? — деді қыз пәтеріне кеп тоқтаған көліктен түспес бұрын. — Ол кісі ешқашан мені іздемеген, жағдайымның қалай екенін сұрамаған, қиын кезде қасымнан табылған жоқ. Мен жалғызсырап қалғанда жұбатпады. Көңіл бөлмеген… Менің бар-жоғым бәрібір болған. Сол үшін ол кісіні жек көремін… Сені де, — деп көлік есігін тарс жауып, басын тік ұстаған қалпы меңірейген жігітке қарамаған күйі дәлізге кірді де кетті. Бәріне нүкте қойып… Біржолата шешім қабылдап… Шешімінің кішкентай кілтипаны бар екенін іштей ғана біліп келеді, әйткенмен ашу үстінде нүкте қоя салғанына өкінбеді.

Әлішер Рахат «Махаббатым – Constant»

 

Бақыт деген бұл әлемде, шынында да, бар екен! Қайдан екені белгісіз, күтпеген жерден адамның басына қона қалады. Сол бақытты күтіп кейде көп күндер, айлар, жылдар өтеді! Сен күтіп жүріп шаршайсың. «Бақытым менің, келші! Оң жағымнан келші, сол жағымнан келші, күтпеген бақытым, сен де келші!» деп анамыз күбірлеуші еді. Бақыт болса шыдамыңды тауысып, келмейді. Соңында үмітіңді жоғалтасың. Тура сол сәтте, күтпеген кезде келе қалады!

Бақыттың кезегі маған да келді! Көресіздер, бірнеше күннен соң менің тағдырым да жақсы жаққа күрт өзгереді!

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық»

 

Сосын біліп қой. Сені ең қатты кім жақсы көреді? Анаң? Жарың? Балаң? Алла Тағала сені олардан миллиард есе қатты жақсы көреді. Сені жақсы көретін Жаратушыңды ренжітпе, ашуын келтірме, бұйрығын бұзба.

Мирас Кесебаев «Мінезді өзгерту алхимиясы»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: