Кітап үзіндісі
08/04/2025, 11:39

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Ғұлама академик те қателеседі екен. Кісілік бірақ сол қателігіңді мойындап кішірейе білуде ғой…

Медеу Сәрсеке «Қуғындалған Сәтбаев»

 

Кейде жауапкершілік пен кінәліліктің айырмашылығын ойламаймыз. Жауапкершілік мынадай болу керек — бір кездегі ісіміз үшін есеп бере отырып, оның салдарынан қашпаймыз, сол кезде оның арты қалай боларын сіз білмедіңіз ғой. Есіңізде болсын, өмірдің қуанышын ұрлайтын үш нәрсе бар: соның бірі — өткенге өкініш. Өкіну — жаныңды жегеннен басқа ештеңе бермейтін іс.

Жадыра Шамұратова «Сандық»

 

Кей кездерде тәттілердің де ащы дәмі болады екен...

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық»

 

Көркем әдебиеттің бір міндеті өмірді тоқтату. Ағып тұрған өмір тоқтамайды, бірақ жақсы шығармалар бетінде өмір тоқтайды екен. ХІХ ғасырдың қазақтары, Арқаның қазақтары "Абай жолында" тұр ғой. Оқысаң сол Әйгерімдер, сол Абайлар қайтадан елестейді.

Қабдеш Жұмаділов

 

– Имеке, шынында да солай. Әйелді жеңе алмайсың, желді тоқтата алмайсың.

Ебіней Бөкетов «Жас Қаныш»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: