11/03/2025, 12:28 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Оның дауысы сондай жұмсақ. Әр сөзі жанымызды ерітіп барады. Оның «балапаным» деген бір ауыз сөзі үшін мен бүкіл жер бетін жаяу аралап шығуға дайынмын. Ана... Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық»
Біреудің қандай адам екенін білу үшін оның ақыл-парасатынан гөрі, арман-мақсатына көбірек назар аударамыз ғой. Адамды өмірге ынталандырып, күллі тіршілікке мән-мағына беретін де сол арман емес пе? Бізді ғұмыр бойы алға жетелеп, биік шыңдарға шығаратын, шабытты еңбекке жігерлендіретін осы арман ғой. Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»
Ешқашан мойыма. Керісінше, үнемі оптимист болып жүру керек. Бір нәрсені естеріңде сақтаңдар: пессимист екі рет өледі! Ол ылғи бүгін өлем бе, ертең өлем бе деумен жүреді. Бұл оның бірінші өлімі. Екінші өлімі – өзінің нағыз өлімі. Одан қашып құтыла алмайсың, ол өлім бәріне келеді. Оптимист болса бір рет қана өледі. Өзіңді әр кез сайын алаңдатып, қорқытуға бола ма? Оптимист болу керек! Айгиз Баймұхаметов «Көше балалары» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |