Кітап үзіндісі
04/02/2025, 12:59

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Сен өзіңді басқамен салыстырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі. Біреу мектеп бітіру үшін оқып жүр. Оған баға керек. Енді біреулер... мәселен, сен өзің әдебиетші болсам деп армандаймысың? Армандасаң болды. Маған керегі де – осы. Осыдан артық баға да жоқ оқушыға берер. «Үш»,«төрт» деген сенің әдебиет туралы қазіргі өреңе өлшем бола алмайды. Асылы сүйген жақсы әдебиетті, құмартқан жақсы.

Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»

 

Өмір біз жасаған әрекеттер ғана емес, жасамаған істерден де құралады.

Мәтт Хэйг «Түн ортасындағы кітапхана»

 

– Қызың ба еді, қимай келесің ғой?

– Қайтесіз, табиғат заңы.

– Қазір, бауырым, қыздар тек қалта қағар. Төбең таса болса-ақ тағы біреуді тауып алады. Өзің де жұрдай болып шыққан шығарсың?

– Тиын түгіл, ағай-ау, жанымыз да осылардың жолында емес пе?

Бексұлтан Нұржекеұлы «Бейтаныс әйелдің құпиясы»

 

Егер жүрегінің түбінде күншілдік не қызғаншақтық деген жылан бұйығып жатып, әлгі әзірде басын көтерген болса, онда тезірек одан құтылуы керек. Ал құтылмаса, ол жылан күннен-күнге үлкейе келіп бір күні болмаса бір күні өзін шағады. «Күншілдіктің күні тар» деп қазақ бекер айтпаса керек.

Ілияс Есенберлин «Махаббат мейрамы»

 

Екеуміздің арамыз сені сүйетінімді білмейтіндей, мені сүймейтініңді білетінімдей ұзақ...

Ырысбек Дәбей «Тұманды қараша»

 

Білімсіз адам әр сөзіне сақ болуы керек. Ал білімдінің тіліне тоқтау салмай, ерік берілуі керек. Біле білсең, білімдінің сөзі жерге себілген су секілді. Су ақса, жер көгереді, нығмет өнеді. Білімсіздің көңілі шөлдің құмы секілді. Өзен суын әкеп құйса да, түк өнбейді, – деді.

Жүсіп Баласағұни «Құтадғу Білік»

 

Төкен Оразов – «Қаныштың жастық шағы»

Қазақ ғылымының алыбы Қаныш Сәтбаевтың балалық шағы мен жас кезіндегі өмірі баяндалады. Автор ұлы ғалымның қалыптасу кезеңдерін шебер суреттеп, оның ғылымға деген қызығушылығының қалай оянғанын көрсетеді.

 

Айгиз Баймұхаметов – «Ертегісіз өткен балалық»

Ата-анасынан айырылған, тағдырдың тәлкегіне түскен баланың басынан өткен қиын кезеңдерді баяндайтын жүрекке ауыр тиетін туынды. Автор өз өмірінен алынған оқиғаларды шынайы жеткізіп, оқырманға ой салады. Жетімдер үйіндегі балалардың мұңы мен сағынышы жан-жақты көрсетілген.

 

Айгиз Баймұхаметов – «Көше балалары»

Тағдыр тәлкегіне түскен балалар жайлы тағы бір әсерлі кітап. Бұл туынды әлеуметтік мәселелерді қозғай отырып, балалықтың балдай тәтті емес екенін еске салады. Балалар үйінен қашып шыққан кейіпкерлердің өмірі мен олардың үлкендер әлемімен бетпе-бет келуі оқырманды бей-жай қалдырмайды.

 

Жадыра Шамұратова – «Сандық»

Автордың әңгімелері мен новеллалары, сондай-ақ құлдыққа түскен жігіттің басынан кешкені жайлы хикаяты енген. Жазушы шығармаларында өмірді ұстап тұрған мейірім мен адамгершілік, үміт пен сенім секілді ұғымдарды арқау етеді. Сонымен қатар, жинаққа бірнеше детектив жанрындағы әңгімелер де енген.

 

Медеу Сәрсеке – «Қуғындалған Сәтбаев»

Кітап туралы кітап. Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен сол кезеңдегі тарихи-саяси жағдайларға қызығатын оқырмандарға арналған.

 

Ұларбек Дәлейұлы – «Қарғыбаулы қасқыр»

Аталарымыздың көзсіз батырлығы, жер-суды жетік танып, ұрыс сәттерінде ұрымтал тұстарды тиімді пайдалана білуі, құралайды көзге атар мергендігі, әсіресе оқты артық шығындамай екі-үш әскерді қабаттай атуы, жазықсыз жұрттың қытайдың, орыстың, маңғолдың қыспағынан шексіз жапа шеккені, аяусыз тепкі көргені жайлы хикаялар жазылған.

 

Алғаш тілі шыққан кезден бастап әкесі оған ең әуелі «Бісміллә» деген сөзді айтқызып үйретті. Ал баласы сөз ұғар болған кезде: «Балам, «бісміллә» деген киелі сөз, сенің аузыңнан бірінші шыққан сөз. Не нәрсені ниет қып, қолға алсаң да бісміллә деп баста!» деп алғашқы ақылын айтып, аталық фәтихасын берген.

Ебіней Бөкетов «Жас Қаныш»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 22 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: