Кітап үзіндісі
05/01/2025, 22:05

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

– Дүниеден Шымдан өтті, не білдің? – деді Серікбай Сансызбайға жоғарыдан төмен қарап. Сансызбай екі қолын көкке жайып, дұға оқыды. Қысқа қайырып, бетін сипады.

– Сен де өтесің, – деген одан кейін Серікбайдың бетіне тура қарамай. – Мен де өтем. Бұл жалғаннан бәріміз де өтеміз.

– Хош, – деді Серікбай кекете мырс етіп. – Өтеміз ғой, әрине. Тозбайтын темір, өшпейтін ғұмыр болмайды. Бірақ, гәп қандай жолмен, қалай өтуде. Солай емес пе?

Таласбек Әсемқұлов «Шымдан»

 

Жыл жақсылығымен келсін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тіледім! Берекелі, құтты жыл болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Осылар дұрыс болса, қалғаны өз қолымызда!

Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»

 

Әңгіме ғана емес, көп тірлігіміз де сондай секілді. Тиянақ жоқ, байыз жоқ, не көзде, не көңілде тыныштық жоқ, бірдің басы, бірдің аяғы, жалтақ-жалтақ, алақ-жұлақ. Мұндай күйдегі адамға ғылым қона ма, білім жете ме, иман ұялай ма?..

Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»

 

Шындап келгенде, өлмей жер бетінде адамша өмір сүрудің өзі де қасиетті борыш қой. Меніңше адал жанды әрбір адамға бұдан жауапты міндет болмаса керек.

Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»

 

Адамның санасы жаңғырмай ешқандай жаңғыру болмайды.

(с) Зейнеп Ахметова

 

– Түсінгенім: біз ешқашан өзімізде барды  бағалай алмаймыз, «бар» көз алдымызда «жоққа» айналған кезде ғана оның қадірін түсінеміз. Біз ет пен сүйектен жаралған пендеміз, сондықтан бізге қателік тән. Құдай қателескен адамға қателігін жөндеуге әрқашан мүмкіндік береді, – дедім.  

Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»

 

Әр өмірдің миллион шешімі бар. Әрқайсы өміріңе азды-көпті ықпал етеді. Өміріңде әр жаңа шешім қабылдаған сайын нәтижесі басқаша болады. Өткенді кері қайтара алмайсың, бір шешім өміріңді басқа бағытқа бұрады.

Мәтт Хэйг «Түн ортасындағы кітапхана»

 

«...Орнында бар оңалар. Тұқымы тұздай құрымаса, кенересі қайта толар», — деген әкей. Тіршілік үшін таптырмас философия. Ал өмір мағыналы арна табуы үшін, адам өз жерінде отырып, өзін кісі сезіну үшін тағы басқа көп нәрсе керек. Мен тағдыр қосқан халқымның оңалып келе жатқанын көрдім, бірақ оңып кетеріне көзім жетпейді. Өте қиын, шарасыз халге түсті ғой. Қазаншұңқырдың ең түбінде қалды ғой. Баса түспесіне, жаныша түспесіне, үстінен тағы бір топаңды қаптатпасына кім кепіл...

Мұхтар Мағауин «Сары қазақ»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: