23/12/2024, 11:41 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Қызғаныш пен күншілдік, ұя бұзған рушылдық түбімізге жетті ғой. Келер ұрпаққа сол сасық мұра кесірін тигізбесе екен. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»
Ұстаздың білім беруге жанын салып тұрғанын оқушылар сезсе, білім алуға тап сондай олардың да жауап қайырары сөзсіз. Немкеттіліктен, немқұрайдылықтан сақтасын. Мектептегі күш-жігер бала бойына өз борышына, оқу жөніндегі өз міндетіне жауапкершілік сезімін егуге жұмсалуға тиіс. Мұндай қасиет дарыған бала ұстазды ешқашан ұятқа қалдырмайды. Орынша Қарабалина «Ұстаз бақыты»
Білесіз бе?! Өмірде кімнен, қандай адамдардан сақтану керек? Сүйе алмайтындардан. Сезімді, махаббатты, қамқорлықты «ертеңге» қалдыратындардан. Кеше және ертеңмен өмір сүретіндерден. «Кейбіреу бақытты іздейді, біреу күтеді, ал біреу барлығынан өзі бақыт тауып алады». Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»
Иә. Адам ғана әлсіз. Осымен екінші рет... Үзілуге шақ қалдым ғой. Шаршағаннан, қажығаннан. Жоқ, торыққаннан. Қандай әлжуаз, жұмбақ махлұқат бұл адам деген. Опырылып құлауы да оңай, серпіліп бой жазуы да қиын емес... Мұхтар Мағауин «Сары қазақ»
– Жарайды, аман болайық. Жортқанда жолың болсын. Табанды жігітсің ғой, түбінде бәрін де жеңіп шығасың. Оны білем. Саған тек бір ақыл айтайын... – Иә, айта бер, тыңдап тұрмын. – Еш уақытта өзіңді аяма, – деді ол. – Өзін-өзі тек аярлар ғана аяйды. – Қаперімде болады, – дедім мен. Харуки Мураками «Норвег орманы» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 25 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |