Кітап үзіндісі
17/12/2024, 11:35

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Сталин мен Ежов қоғамның басын кесіп алып, құр денесін қалдырды. Бассыздарды басқару оңай. Басы жұмыс істейтін ақылды адам қауіпті.

Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»

 

Бірдеңе жазсам, айтсам, ол менің ойым, менің пікірім. «Барлығы солай ойласын» деген сөз емес. Түйгенім. Көргенім. Кейде барлығын жібере сал, босата сал. Ішіңде. Ренжіме. Өкпе артпа. Ол оңай емес. Көріңіз, сонда да...

Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»

 

Қазіргі ұрпақ балабақшада, мектепте, тіпті жоғары оқу орындарында да әйел тәрбиесімен өсіп, ержетіп келеді. Еркек тәрбиесін жөнді көрмеген жасөспірім ұстаздарына еліктеп, әйел тақілеттес болып шықпағанда қайтеді. Кесек мінез, берген сөзі мен серті үшін өлуге бар мәрт мінез азаматтардың сиреуі, оның орнын өсек-аяңға, жан аярлыққа үйір еркектердің басуы қоғамның ой сыздатар үлкен проблемасын тудырды.

Шыңғыс Айтматов «Құз басындағы аңшының зары»

 

Адам деген қала сияқты. Қараусыз қалған кей бөлігіне қарап тұтас қаланы жаман дей алмайсың. Бір көшесінің жолы нашар шығар, бір аумағында бұзақылар тұрар, бірақ басқа көрікті жері үшін қаланы жақсы көре бересің.

Мәтт Хэйг «Түн ортасындағы кітапхана»

 

Баяғыда біздің ауылда бір әпенді шал бар еді. Өзі түшкіріп, өз-өзіне «Сәбидей мұңсыз бол!» деп қошемет айтып отыратын. Келемеждеп күлетін ек. Бекер екен…

Рахымжан Отарбаев күнделігінен

 

Өмір мұғалімдер айтқандай бола бермейді екен дейсіз, онымен ешбір келісуге болмайды. Мұғалімдер уағыздайтын өмір үшін біз күреспесек, біз күрескерлер әзірлемесек, кім әзірлейді?

Орынша Қарабалина «Ұстаз бақыты»

 

Ал, әйел бауырлар! Жолдарың ашық... өткен замандарың қарғалған заман екені анық... Сілкініңдер! Ұмтылыңдар! Рақатсыз, берекесіз, қатын өсек деген атақтан басқа түк бермеген, ошақтың үш бұты күйбеңінен жоғарырақ ойлап, қанаттарыңды қағыңдар!

Нәзипа Құлжанова шығармалары

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: