02/11/2020, 22:54 | ||||
МҮШЕЛДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар рет санына қарай аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталып отырады. Жылдардың тарихи қалыптасқан реттері мен атаулары төмендегідей:
1-жыл – тышқан жылы 2-жыл – сиыр жылы 3-жыл – барыс жылы 4-жыл – қоян жылы 5-жыл – ұлу жылы 6-жыл – жылан жылы 7-жыл – жылқы жылы 8-жыл – қой жылы 9-жыл – мешін жылы 10-жыл – тауық жылы 11-жыл – ит жылы 12-жыл – доңыз жылы
Мүшел аяқталып, енді одан әрі 13-жылды санағанда тағы да тышқан жылы деп, есепті қайтадан бастайды. Мүшелдегі 12 хайуанның алтауы – үй хайуаны, алтауы – түз тағысы. Мүшел есебі көптеген елдерге – Жапониядан Болгарияға, Мьянмадан Сібірге дейін жайылған. Демек, адамзаттың жартысы уақытты мүшел деп есептеген. Мүшел есебін пайдаланатын елдердің қайсысын алсақ та, олардың күнтізбелерінен жоғарыдағы 12 хайуаның аттарын кездестіреміз. Хайуандар үнемі тышқаннан басталып, доңызбен аяқталып отырады (тек алтайлықтар мен тілеуіттерде ғана қой мен мешіннің орындары ауысқан, вьетнамдықтарда қоян орнына мысық, қой орнына ешкі айтылады). Мүшелдегі хайуандарды әр халық өз тілінде атайды. Іс жүзінде мүшел есебі екі жүйеге бөлінеді. Бірі – түркі халықтары қолданған «таза мүшел», ол әрбір 12 жылда аяқталып, содан кейін қайталанып отырады. Екіншісі – 12 жылдан кейін жартылайғана қайталанып, 60 жылда аяқталатын Шығыс Азия халықтарының айналымы. Мүшел есебін қолданатын халықтар, атап айтқанда мыналар:
Мүшел есебі Үндістанда, Мысырда, Вавилонда, Рим мен Грекияда, арабтарда, славяндарда, Батыс Еуропа елдерінде болмаған. Мүшелдегі хайуандардың жынысы, тұқымы, түс-түгі, жасы есепке алынбайды. Сондықтан қой жылын қошқар жылы деп те, саулық жылы деп те, сек жылы деп те ұйғара беруге болады, жылдың хайуандардың жаратылысына ешқандай байланасы жоқ, солай тек шартты түрде аталып кеткен. Мүшел есебімен санап дағдыланбаған адамға жылдардың ретін еске сақтау қиын, олардың орындары ауысып, шатаса береді. Сондықтан қажет ететін адамдарға мүшелдегі жылдардың тетелестігін көрсететін мынадай, бір ауыз, сызбалық өлеңді ұсынуға болады: Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан. Жатпа қарап, мойыма, Тайма именіп ділмәрдан. Мұнда әр сөздің бірінші дыбысы сәйкес жыл атының бірінші дыбысын көрсетеді: т – тышқан, с – сиыр, б – барыс, қ – қоян, т.с.с. Қазіргі уақытта мүшелдік жылдардың басы 22 наурызға келіп отырады. (жалғасы бар) жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||||
| ||||
Просмотров: 233 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |