Халық күнтізбесі
31/08/2020, 10:33

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ АЙЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

Зодиактың сызбалық суретінде жұлдыздар мен айлардың осы күнгі сәйкестігі көрсетілген. Онда Күн орталықта орналасқан, ішкі шеңбердің бойында Жердің әр айдағы орны, сыртқы шеңбердің бойында зодиак шоқжұлдыздарының әдеттегі орындары бейнеленген. Белгілі бір айдағы, айталық, қазандағы Жердің күнтізбеге қатынасын қарастырайық. Осы қазан айындағы Жер мен Күн арқылы ойша түзу сызық жүргізсек, ол сызық Тқты және Таразы шоқжұлдыздарынан өтеді. Жер бетіндегі халықтарға (іңірде, түн ортасында немесе таң алдында болса да) Тоқты щоқжұлдызы көрініп тұрады, бірақ Таразы шоқжұлдызы көрінбейді, өйткені ол Күннің арғы жағында, тасада қалады. Осы көрінбей қалатын Таразы шоқжұлдызы жеңілдетіп, есепшілер тілімен айтқанда «таразы жұлдызы» (арабша атауын қолданғанда – мизам) қазан айына сәйкес келеді. Дәл осы сияқты, сәуір айында «тоқты жұлдызы» (арабша – хамал, амал), тамызда «арыстан жұлдызы» (арабша – әсет) көрінбейді. Сондықтан зодиак есебі жүйесінде қазан орнына таразы жұлдызы (мизам), сәуір орнына тоқты жұлдызы (хамал), тамыз орнына арыстан жұлдызы (әсет) делінеді. Сызбадағы Тоқты, Торпақ, Егіздер т.с.с. шоқжұлдыздар Х.Әбішев жасаған, қазіргі оқулықтарда айтылатын, терминология бойынша беріліп отыр. Байырғы қазақ күнтізбесіндегі араб терминдері бойынша айтқанда былай болады:

хамал – сәуірге сәйкес,

сәуір – мамырға сәйкес,

зауза – маусымға сәйкес т.с.с.

Ал байырғы қазақ күнтізбесіндетізілген жұлдыздарды алсақ, онда хамал (амал) жұлдызы наурызға, сәуір жұлдызы сәуірге, зауза жұлдызы мамырға т.с.с. сәйкес болған. Ол даусыз. Мұның қандай себебі бар, есепшілер шатастырып жіберген бе жоқ, есепшілер кінәлі емес. Мәселе зодиак шоқжұлдыздарының өз орындарынан бір «адым» жылжып кетуінде. Ертеде Тоқты (хамал) шоқжұлдызы Балықтар (үт) шоқжұлдызының қазіргіорнында болған. Басқа шоқжұлдыздар да осы тәртіппен бір «адым» жылжып, орындарын ауыстырған. Бұл – табиғи құбылыс, ұлы грек астрономы Гиппарх ашқан прецессия құбылысының бір салдары осы. Орнынан жылжып кеткен Хамал, Үт, Дәлу т.с.с. шоқжұлдыздар өз шеңберінің бойымен болар-болмас сырғып отырып, 26 мың жылда бұрынғы орнына қайта келеді. Гиппархтан бері өткен екі мыңнан аса жылда ол шеңбердің 12-ден бір бөлігіндей, яғни 1 айға сәйкес жолға сырғып кетті. Гиппархтың тұсында, шынында да, хамал наурызға, сәуір сәуірге т.с.с. сәйкес болған. Орта ғасырлардағы астрономдар мен есепшілер ерте кездегі сәйкестікті пайдаланған. Сондықтан байырғы қазақ күнтізбесіндегі зодиак айлары, яғни жұлдыз айлар, мынадай болған:

хамал – наурызға сәйкес,

сәуір – сәуірге сәйкес,

зауза – мамырға сәйкес,

саратан – маусымға сәйкес,

әсет – шілдеге сәйкес,

сүмбіле- тамызға сәйкес,

мизан – қыркүйекке сәйкес,

ақырап – қазанға сәйкес,

қауыс – қарашаға сәйкес,

жәди – желтоқсанға сәйкес,

дәлу – қаңтарға сәйкес,

хұт – ақпанға сәйкес.

Жұлдыз айлардың рим айларына сәйкестігі осы иүрде. XVII – XVIII ғасырлардағы құжаттарда осы ретімен кездеседі. Қазақ университетінің профессоры болып қызмет істеген, татар, башқұрт, қазақ, араб тілдерін жақсы білген миссонер Н.И.Ильминскийдің (1822-1892) еңбектерінде де осылай баяндалған. 1922 жылы Орынборда шыққан «1923 жылдың қазақ календары» атты кітапта да дәл осы тәртіппен келтірілген: қаңтар – дәлу, ақпан – хұт, наурыз – хамал, ..., желтоқсан – жидді делінген. (жалғасы бар)

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 205 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: