Халық емі
10/12/2024, 10:34

ҚЫТАЙ ПРОФЕССОРЫНЫҢ АЙТҚАН КЕҢЕСІ...

Бүгінде инсультке ұшыраушылардың қатары көбейіп тұр. Бұл ауыр дертке ұшырағандардың түбегейлі оңалуы қиын. Осыған орай қытайлық бір профессор көпшілікке арнап мынадай кеңестер жариялапты.

«Үйде үнемі шприц немесе ине ұстаңыз. Оның сізге керегі болуы мүмкін.

Менің әкем инсульттен қайтыс болды. Егер мен осы тәсілді білгенімде оның тірі қалуы әбден мүмкін еді.

Инсультке ұшыраған кезде мидың капиллярлары жарыла бастайды. Сондықтан науқас қай жерде болса да оны басқа бір жаққа қарай қозғамаңыз. Құлап түспесі үшін оның отыруына жәрдемдесіңіз. Сосын ине немесе шприцті (түреуіш те жарайды) отқа залалсыздандырып алып, барық он саусақ ұщтарын тесіп шығу керек. (Тырнақтан 1 миллиметр қашықтан болса, жеткілікті). Қан шығуы керек, шықпаса, шыққанша қысуға болады. Осы он саусақтан да қан шыққасын, бірнеше минуттан соң зардап шегуші есін жияды.

Егер зардап шегушінің аузы қисайған болса, құлақ ұшын қызарғанша тартыңыз. Сосын құлақ сырғалығын одан екі тамшы қан шыққанша тесіп жіберу керек. Сонда бірер минуттан соң ол есін жияды.

Осыны асықпай күтіп, зардап шегуші өзіне келген соң барып оны ауруханаға жіберуге болады. Әйтпесе, егер ол құлаған бетте «жедел жәрдемге» салынған болса, жол үстіндегі оқыс қимылдардан оның миының ұсақ тамырлары жарылып кетуі мүмкін.

Егер науқас өз күшімен жүре алатындай болса, ол құтқарылды деуге болады».

Осылай деген қытай профессоры мұндай тәсілді өздерінің бір басшысына қолданып, құтқарып қалғанын айтады. «Ол құп-қу, аузы аздап қисайған, сөздері түсініксіз еді, – дейді ол. – Бұл– инсульт белгісі. Мен тез арада оның он саусағы ұштарын шприцпен тестім. Олардан тамшылар қан аққасын науқастың бетіне қан жүгірді. Көздері жанданды, бірақ беті әлі де аздап қисайыңқырап тұр еді. Мен құлақтарынан тарттым, қызара бастағанда құлақ сырғалықтарын тесіп, қан шығардым. Арада 3-5 минут өткенде оның беті түзелді, сөздері түзеле бастады.

Біз оған аздап тынығуға мүмкіндік беріп, сосын ауруханаға баруына көмектестік. Ол ауруханада бір-ақ күн жатып, сосын айығып кетті».

Міне, қытайлық профессор осылай дейді. Мұндай тәсілді тез арада жасаса, инсультпен құлаған науқасты құтқарып қалуға болады екен.

Ал науқас құлағасын «жедел жәрдем» ауруханаға жеткізуге асығып, орнынан қозғаған жағдайда оның ми капиллярлары жарылып, ол салданып қалады екен. Мұнда да оны құтқарып қалу қиын.     

 

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАЙ

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: