02/12/2024, 10:24 | |
КҮЗДЕ КЕРЕК БОЛАТЫН ЕМ ТҮРІ Күздің алғашқы айымен бірге суық тигізіп алу қаупі де ере келеді. Түшкіру мен жөтелді түрлі ерітінділермен тамақты шаю арқылы кетіре аласыз. Kөп жағдайда инфекция адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түседі. Бастапқыда ауыз қуысы мен тамақтың ішінде болатын инфекцияны шайып шығаруға болады. Тек ауыз бен тамағыңызды немен шаятындығын таңдау керек. ФУРАЦИЛИН Танымал фурацилин дәрісінің 1-2 данасын бір стақан жылы суға ерітіңіз. Фурацилин ауыз бен тамақтағы бактериялардың көбеюін тоқтата алады. Оның микробтарға және қабынуға қарсы қасиеті аурудың асқынуына жол бермейді екен. Тұмау кезінде, суық тигенде тамақты күніне 3 рет шайыңыз. ТЕҢІЗ ТҰЗЫ ЕРІТІНДІСІ Теңіз тұзы тамақ пен ауыз микрофлорасына пайдалы болатын түрлі минералдарға бай. Тұз бактерияларды өлтіріп, қабынуды басады. 1 шай қасық ас тұзын 1 стақан қайнаған жылы суда ерітіңіз. Осылай күніне 3-4 рет қайталаңыз. АС СОДАСЫ Тамағыңыз ауыра бастағанда, ас содасының ерітіндісімен тамақ шайған дұрыс. Ас сода ерітіндісі микробтардың 70 пайызын өлтіріп, тұмауды басынан-ақ жаза алады. Бастысы соданың судағы концентрациясы екен. 1 ас қасық ас содасын 1 стақан суда ерітіп, күніне 2-4 рет шайыңыз. ҚЫРМЫЗЫ ТҰНБАСЫ Қырмызы (календула) тұнбасы тамақтың ауырғанын керемет кетіре алады. 4 ас қасық қырмызының кептірілген күлтелерін қайнап тұрған суға салыңыз. 15 минут өткеннен кейін, қажет болған жағдайда тұнбаны сұйылтып, ерітіндімен тамағыңызды күні бойы 3-4 рет шайыңыз. ЖАЛБЫЗ ТҰНБАСЫ Емдік өсімдіктердің арасында жалбыз антисептикалық және бактерияға қарсы қасиетке ие. 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стақан ыстық суға салыңыз. 15 минуттан кейін, шөпті алып, тағы да 1 стақан су қосыңыз. Осы ерітіндімен тамағыңызды күніне 2-4 рет шайыңыз.
ҚАНДЫ ТАЗАРТАТЫН ТӨРТ ТҰНБА Қырмызыгүл мен бүрген тұнбасы 2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут қайнатады. Сосын қақпағын ашпаған күйі оттан алады. Салқындаған кезде қабатталған дәкемен (бинтпен) сүзіп алып, балмен араластырыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны бірнеше сағат тоңазытқышқа қою керек. Ем ретінде 300 мг. тұнбаны таңертең таңғы астың алдында ішесіз.
Ақтал тұнбасы 400 мг. суға үш қасық кептірілген ақтал (ива серебристая) ұнтағын саласыз. Баяу отта 10-12 минут қайнатады. Салқандаған кезде сүзіп алып, тағы да 4 сағат тұндырып қойыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны 100 грамнан, тамақ алдында қабылдаңыз. Емді күніне 3 рет жүргізуіңіз керек. Мұны 1 айға дейін жалғастыруға болады.
Ақжелкен тұнбасы 50 грамм ұнтақталған ақжелкен (петрушка) тамырын 500 мг. суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнаған соң оттан алып, 2-3 сағатқа тұндырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақпен бірге қабылдайсыз. Емді 1 стаканнан, күніне 3-4 рет жүргізуге болады.
Қайың шырыны Бір апта бойы қайың шырынын үзбей ішсеңіз, қаныңыз тазарып, қан айналымы жақсара түседі. Нәтижесінде бойыңызды дендеген дерттен арыласыз. Өзіңізді жайлы сезініп, саулығыңыз жақсарады. Күніне 1 литр қайың шырынын ішуді әдет етсеңіз, өзіңізді ұзақ өмір сүрушілер қатарына жатқызуыңызға болады. Халықтық әдістен бөлек, күнделікті тұтынатын кейбір тағамдар да қанды тазалауға қабілетті келеді екен. Нақтырақ айтқанда, лимон, сәбіз, брокколи, қызылша, алма және куркуманы жиірек тұтыну керек. Денсауылғыңыз мықты болсын!
ЦИСТИТ 1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Оны мақта-матадан тігілген дорбаға салып, суығанша үстінде жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен тез жазылады. Тұз тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады.
АҒЗАНЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТ Ағзаны токсиндер мен зиянды қалдықтардан тазарту денсаулық үшін өте маңызды. Бұл сізге салмақ тастауға және ағзаны тазартуға ғана емес, сонымен қатар бүкіл ағза мүшелерінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Бүгін біз сізге Ішекті жұмсақ тазартуға көмектесетін рецепт ұсынамыз. Қажет: - сүйексіз қара өрік-150 гр. - мейіз-150 гр. - қайнаған су-5 кесе Дайындау: - 3-4 стакан суды қайнатыңыз - Қара өрік пен мейізді қосып, тағы 15 минут қайнатыңыз - Оттан алып, сүзу керек. Қолдану: Күн сайын ашқарынға осы сұйықтықтың жарты стакан ішіп жүру ағзадағы жиналған барлық токсиндерді тазартады. Бұл іш қатудың ең жақсы амалы екені сөзсіз!
ЖӨТЕЛДІ ТҰЗБЕН ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ Кейде адамның даусы шықпай немесе қырылдап қалатын кездері болады. Сол кезде төмендегідей ем жасаса, дауыс өз қалпына келеді: ☘️Жатар уақытта 100 грамм жылы су және 1 ас қасық таза бал, 1 ас қасық тамаққа қосатын сұйық май ішіп жату керек. Бұдан кейін таңға дейін су немесе басқа нәрсе ішуге болмайды. Осылайша тамағыңыз жазылғанша қайталаңыз. ☘️Жөтел пайда бола бастаған жағдайда 150 миллилитр суға 1 ас қасық уатылған бүрген (калина) салып, 5 минут қайнату керек. Оны дәкемен сүзіп, 1 шай қасық бал қосып, жақсылап араластырады. Салқындағаннан кейін астан 30 минут бұрын пайдаланады. ☘️Сондай-ақ жөтелге тұз бен ас содасының қоспасы да пайдалы. 100 миллилитр қайнатылған жылы суға 1 шай қасық ас тұзы және осынша мөлшерде ас содасын салып араластырып, күнде ертеңгілік астан 30 минут бұрын ішсе, жөтел тез жазылады. ☘️Жөтелді лимонмен де емдеуге болады. Ол әсіресе жас балаларға тиімді. Оны былай әзірлейді: 2 бас лимонды шанышқымен тесіп, қайнап жатқан суға 5 минут салып алыңыз, салқындағаннан кейін шырынсыққыштан өтккізіп, 200 граммдық банкаға шырынын жинау керек. Сосын 25 миллилитр дәріханалық глицерин қосып, қалған жерге толғанша бал құйып, жақсылап араластырады. Бұл қоспаны тамақтан 20 минут бұрын 1 шай қасықтан ішеді.
КҮНБАҒЫС МАЙЫ (Халық еміндегі көмегі) Көпшілігіміз күнделікті ас-ауқатқа қолданатын күнбағыс майын дұрыс қолданса, емдік әсері дәрі-дәрмектен кем түспейді деседі. Бір жақсысы, ол қолжетімді, әрбір үйден табылатыны анық. Сондықтан керек кезде қолдануға тиімді мына рецептерді ұсынуды жөн көрдік: ↘️ ↙️ Күнбағыс майын аяқтағы мүйізгекті (мозоль) кетіруге қолдануға болады. Ол үшін 7-10 күн бойы жатарда аяқты жылы сумен жуып, күнбағыс майын сіңдіре жағып, уқалайсыз. 3-4 күні-ақ мүйізгектің жойыла бастағаны байқалуы тиіс. Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында майды аздап жылытып, оған дәкені батырып, компресс жасайсыз. Сыртынан полиэтилен пакетпен және жылы орамалмен орап тастау керек. Компресті май суығанша ұстайсыз. Денедегі терең жараны жылы сумен жуып, күнбағыс майы сіңдірілген дәкемен орап қойыңыз. Май жараға сіңуі тиіс. 3-4 күннен кейін жараның беті тегістеле бастайды. Іріңді гайморит кезінде 1 ас қасық күнбағыс майын ауызға салып, оны кәмпит тәрізді сору керек. 10-15 минуттан кейін ол ауыз қуысында қоюлана бастайды. Сосын қайтадан сұйылады. Осы кезде түкіріп тастайсыз. Таңертең ашқарынға және кешке жатарда қайталай жүрсеңіз көп ұзамай шипасын сезінесіз. Тырнақтың сынғыштығы кезінде аптасына 2 рет жылытылған майға саусақтарды батырып отырсаңыз әсері жақсы. Ол тырнақты қатайтып, бекіте түседі. Жатыр мойны эрозиясында түймедақ, қалампыр шөптерінен азырақ майға араластырып, су моншасында жарты сағат бұқтырасыз. Оны бірнеше қабатталған дәкемен сүзіп алып, тампон қойса тез жазылады. Халық емінде күнбағыс майының осындай көмегі бар. Оның тазартылған түрін холецистит, холангит, өт айдауда қолданса да болады екен. Бірақ, әрине, мөлшері мен қолдану тәсілін білген жөн және бұл жағдайда дәрігермен кеңесу керек екені түсінікті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 15 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |