26/11/2024, 10:26 | |
ТОНЗИЛИТТІ ТЕЗ ЖЕҢЕТІН ТӘСІЛ 1. Күніне бірнеше рет тамақты 3-5 минут алма сірке суымен шайыңыз (0,5 стакан жылы суға 1 ас қасық 6% сірке суы). Ұйықтар алдында соңғы шаюды жасаңыз. Әр шаюдан кейін 2-3 ас қасық осы қоспа ішу керек. 2. Лимон шырынын балмен тең мөлшерде араластырыңыз, осы қоспамен бірнеше минут тамақты шайыңыз, содан кейін жұтып қойыңыз. 3. Қантты аз мөлшердегі суда ерітіңіз. Ол қою сироп болуы тиіс. Күніне бірнеше рет тамақты осы тәтті сусынмен шаяды. 4. 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық түймедақ (ромашка) қосып, 5 минут тұндырады. Онымен күніне бірнеше рет тамақты шаю керек. 5. Тамақ шаюды ұнатпайтындарға арналған кеңес – стаканды үгітілген шикі қызылшамен толтырыңыз, оған 1 ас қасық 6%-дық сірке суы қосады. Мұны 1 сағат тұндырып, сүзіп, аз-аздан жұта отырып ішеді. 6. 1 ас қасық сары майды бірдей мөлшерде балмен араластырыңыз. Оған бір шымшым ас содасын қосып, қоспаны көбік пайда болғанша қыздырыңыз. Бұл көбікті жылы түрде ішу керек. 7. Прополистің спирттік тұнбасы өте тез әер етеді. Ол үшін 10 грамм ұсақталған прополиске 100 мл. 70% спирт құйыңыз. Бөлме температурасында бір күн сақтайды. Мезгіл-мезгіл шайқап тұру керек. Содан кейін дәкені қабаттап, сүзіп алады да, алынған сығындының 2 шай қасығын 0,5 стакан жылы суға қосып, тамақты шаяды. 8. Үлкендігі бұршақтай прополисті екі ұртқа кезек-кезек ауыстыра отырып, таусылғанша сорып жүру керек.
АЛОЭНЫ ЕМГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАДЫ? Бәрімізге белгілі, алоэ өсімдігінің денсаулықты түзеуде керек кезі көп. Оның суықтағанды қуатын, мұрыннан су аққанда қабығын ашып тастап, шырынын дәкемен тампон етсе көп ұзамай ауруды сап тиятын қасиеті көпшілікке мәлім. Ерекше күтімді қажет ете бермейтін алоэнің тағы қандай қасиеті бар? Егер да құлап қалып, теріңіз жырылғандай, жарақат алған жағдай болса, алоэ жапырағын кесіп алып, сыртындағы жұқа қабатын сыдырып тастап, ауырған, қанаған жерге таңып қою керек. Сыртынан целлофан қойып, сыртынан орайсыз. Әдетте жарақаттанған, қан шыққан жерге әсіресе жазда шаң-тозаң салдарынан инфекция түсіп, түрлі ауру асқынуы мүмкін. Ал алоэ осы асқынуды болдырмайды Ол микробтардың зиянды әсерін жойып, аурудың алдын алады. Алоэ шырыны бактериялармен күресуде таптырмайтын дәрі. Мәселен, стафилококк, стрептококк, ішек ішіндегі ауру қоздырғыш таяқшаларды, күйіктен тері бүлінгенде алоэні қайнатылған салқын сумен жуып, шырынын алады да, таза дәкеге сіңдіріп, аурыған жерді орап тастайды. Әбден кеуіп кеткен кезде ауыстыру арқылы емді он күн жалғастырған жөн. Жазда салқын су, тәтті балмұздақ жегеннен жас балалардың тамағы жиі суықтап, баспа көтеріліп жатады. Ал антибиотиктер мен ащы дәріні жұтқыза беру асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, бауырдың жұмысын ауырлатады. Мұндайда 3-4 жылдық алоэнің жапырағын астыңғы жағынан мұқият кесіп алып, шырынын шприцпен сорып алады. Оны ауызғашашу керек. Жаңа сығылған шырын ауру қоздырғыштарын жуып, бактерияларды өлтіреді. Алоэнің шаштың сәнін келтіруде де көмегі бар. Егер шашыңыз баяу өсетін, әлсіз, сынғыш болса басыңызды жуардан екі сағат бұрын алоэ шырынымен бас терісіне жақсылап массаж жасаңыз. Мұны әр бас жуған сайын қайталауға болады. Сонда 15-20 күннен кейін шаштың өңі кіріп, түсуі азаяды. Шаш күтімі үшін алоэ сығындысып дәріханадан алуға да болады. Онда шырынның 20 пайызына таза спирт қосып, ұзақ сақталуына мүмкіндік жасайды. Иммунитетті көтеруде де алоэнің пайдасы зор. 200 грамм алоэ шырынына 300 грамм бал, 350 грамм қызыл шарап қосып араластырып, үй температурасында 7-8 күн жабық ыдыста ұстайды. Осыдан астан бұрын күніне 2 рет шай қасықпен таусылғанша ішіп жүру керек. Болмаса 500 грамм жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, еттартқыштан өткізіңіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3 мезгіл бір ай ішуге болады. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 миллиграмнан ішеді. Ал шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы өте жақсы көмектеседі. Міне, жанға дауа, дертке шипа сыйлайтын табиғат тартуының осындай ерекшеліктері бар. Оны дұрыс қолдану зиянсыз әрі пайдалы.
БРОНХИТТЕН ЕМДЕЛУДІҢ БЕС ТӘСІЛІ Күннің суық кездерінде бронхитке ұрынып қалатындар көп. Бұл – бронх кілегей қабатының қабынуы. Ол көбіне жедел-өтпелі тыныс жолдары ауруларының өршуінен, қандай да бір бактериялық инфекция түсуінен туныдап жатады. Ал бронхитті анықтау күрделілеу, себебі оның белгілері басқа да тыныс жолдары ауруларының белгілеріне өте ұқсас. Бронхитке ұшыраған адамның басы ауырады, жөтеліп, дене қызуы көтеріледі, ол әлсірейді. Оған дәл диагнозды дәрігер ғана қоя алады. Тиісті емді де дәрігер тағайындайды. Дегенмен бронхитке байланысты қолданылуы тиіс негізгі бес әдіс-тәсіл бар. Науқастанған адамның және оның туыстарының осы жөнінде біле жүргендері абзал. Біріншіден, бронхит кезінде науқастың жұмысқа бармай, үйде болғаны жөн. Өйткені ағзаға өзіне-өзі келуі үшін уақыт, күтімк ерек. Сырқат адам жатқан бөлме таза болуы, желдетіліп тұруы керек, тыныс жолдарының кілегей қабаты тазалануы үшін бөлме ылғалдылығы 50-70 пайыз болғаны тиімді. Бөлметым ыстық емес, 20-22 градус көлемінде болсын. Бронхит көбіне жедел-өтпелі тыныс жолы ауруларынан кейін бактерия әсерінен туындайтындықтан дәрігер 5-7 күнге антибиотиктер тағайындайды. Науқастың жағдайына қарай қосымша басқа препараттар тағайындауы да мүмкін. Ал ылғалды жөтел, қақырық күшейгенде өсімдіктекті және химиялық қақырық түсіретін препараттар беріледі. Науқас С витамині мен тағамдарды көбірек пайдалануы керек. Дене қызуы басылғасын ингаляция жасалады. Науқас тыныс алу жаттығуларын жасауы керек. Кәсіби массажистке арнайы массаж жасату арқылы да қақырық түсуін арттыратын амал жасауға болады.
КҮРІШ СУЫНЫҢ ПАЙДАСЫ Бұл – ежелгі Қытай рецепті. Уақытпен тексерілген, тән саулығын сақтау мәселесінде басты шара саналатын, әдеттегі медициналық әрекеттер пайдасын тигізбеген кезде жасалатын амал деседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес. Дұрыс дайындалған күріш өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады, асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді. Дегенмен күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, бұл жазбаны сақтап қойғаныңыз жөн. Ал айтарымыз мынау: мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді. Оба ауруының алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар. Саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Ертеде қазіргідей арнайы дайын сусын мен тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Бүгінде жиі айтылатын «бұрынғының балалары мықты болған» деген сөз осындай табиғи ас-судың арқасы екені жасырын емес. Иә, ертеректе күріш суының арқасында дисбактериоз, гепатит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стакан суға бір ас қасық күріш жеткілікті. Күріш жартылай піскен шақта су түсі өзгереді. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды. Ал күрішті суға қайнатып, оған айран қосып ішсе, асқазан-ішекті тазартып, ағзаны, теріні жасартатын дайын детокс дей беріңіз. Үш немесе бес күнге созылған осындай диета ұстансаңыз жасушалар да жаңарып, ағзаға жиналған тұздан арыласыз. Бұл «диетаның» ерекшелігі – күріш+айран ботқасын қалауыңызша жей беруіңізге болады. Айтпақшы, күріш қайнатылған суды жиірек ішу бауырды сауықтырады.
ҰЙҚЫ БЕЗІНЕ ЕМ Үлкендеу қара тұрыпты (Черная редька) жуып, қабығын аршымай, үккіштен (терка) өткізеді. 1 стакан шырыны керек. Оны 100 грамм қарақұмық (гречка) балына араластырады. 40 күн бойы стаканның 1/3 бөлігіндей мөлшерде күніне 3 ет ішеді.
БАЛ+ДАРШЫН: ӨТЕ ШИПАЛЫ ЕМ Жүрек ауруы және холестерин деңгейін төмендету үшін: 2 стакан жылы суға 2 шай қасық бал, 2 шай қасық ұнтақталған даршын қосып, жақсылап араластырыңыз. Осыны 3-ке бөліп, таңертең, түсте дән кешке астан 30 минут бұрын ішеді. Рецепт инсульт пен инфаркттің алдын- алу үшін де тамаша ем саналады: ентігу азаяды, жүрек соғысы қалыпқа келеді. Артритке: Бір стакан жылы суға 2 ас қасық бал мен бір шай қасық даршын қосып, араластырыңыз. Таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді. Жүйелі түрде жалғастырса, тіпті созылмалы артритті де емдеуге болады. Суық тию мен тұмауға қарсы: Бір ас қасық балға бір шай қасық даршынның үштен бірін қосыңыз, барлығын бір стакан жылы суда араластырыңыз. Стаканның үштен бір бөлігі мөлшерінде күніне үш рет ішеді. Тұмау кезінде бұған аз ғана қара бұрыш қосуға болады. Мұндай жағдайда әр 3 сағат сайын 1 ас қасықтан ішу керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 17 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |