11/11/2024, 10:45 | |
КЕРЕК ДЕРЕК ⏩Ұйқыға жатарда бас ауырса Түнде басыңыз ауырып, мазаңыз кетсе, шағын жастық тігіп, оның ішіне 4-5 пәшкі тасшөпті (чабрец) салып, жастанып жату керек. Тасшөпті кез-келген дәріханадан алуға болады. Мен осыдан 2 жыл бұрын түнде басым қатты ауырып, ұйықтай алмай әлекке түсетін едім. Әлгі халықтық емді пайдаланған соң басым мүлдем ауырмайтын болды. Сонда да болса әлі тасшөп салынған жастықты жастанып жатып жүрмін. Жылда 1 рет ауыстырып отырамын. ⏩Қан қысымы мазаласа Қаныңыздың қысымы түсіп кетсе, бір кесек «селедка» немесе тұздалған қияр жеңіз. Екеуі де болмай қалған жағдайда аузыңызға бір шымшым тұз салып, еріген соң жұтыңыз. * Кереуетте басыңызды салбыратып төмен түсіріп, 5-10 минут жатыңыз. Бұл кезде қан басқа шауып, қысымы көтерілетін болады. * Қан қысымы артып кеткенде денеңізді босаңсыта жатып, тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Кең тыныстап, мүмкіндігінше демді ұзақ ұстап тұрыңыз, сосын жайлап шығарыңыз. Аздап демалған соң жаттығуды қайталаңыз. Осылайша бірнеше рет жасалған жаттығудан кейін қан қысымы 20-30 мөлшерге төмен¬дейді. ⏩Бүйректе тас түзілсе Егер бүйрегіңізге майда тастар жиналса, ашқарынға 1 стакан ыстық суға жарты лимонның шырынын қосып ішіңіз. Сосын бір сағаттан кейін тамақтаныңыз. Емнің мерзімі – 2 апта. Соншама уақыт демалыс жасап, емді қайталауға болады. Бүйрек тастары өздігінен майдаланып, құмға айналып түсе бастайды.
КЕРЕК КЕҢЕС Жеміс-жидектерді шикі күйінде, әрі қабығымен жеу керек. Өйткені ішкі бөлігіне қарағанда қабығындағы витамин бірнеше есеге көп. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қажет. Басқа мемлекеттерден әкелінетін жемісті балаларға берер алдында 1 сағаттай салқын суға салып қою керек. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше аршып жеген дұрыс. Жемістің витаминдерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егер қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбаңыз. Себебі онда нитраттар көп болуы мүмкін. Шіріген, дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені онда митоксин деген улы зат түзіледі. Зақымданған тұсты ойып алғаннан митоксин жойылмайды. Тіпті сол жемісті, көкөністі қайнатып, тосап жасаса да уы кетпейді. Ол қайта бауыр мен жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады. Жеміс пен көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, біріншіден, түсін, екіншіден өздеріне тән хош иісі мен дәмін жоғалтады. Оларды шыны ыдысқа салып, желім қақпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды. С витамині бар көкөністі аз қайнатады. Оны алюминий ыдыста қайнатқан жөн. Тазаланған картопты суда көп ұстамайды. Су алғашқы жарты сағатта картоптың құнарлығының 40 пайызын жояды.
ТАМЫРЛАРДЫ ТАЗАРТАТЫН ҮШ ТӘСІЛ Жүрек жұмысын жеңілдетуге арналған тамырларды тазалайтын тәсілдің бірі мынадай:
1-ші рецепт: Еттартқыштан 2 орташа лимон, 1 кило петрушка мен 1 кило сельдерейді өткізіңіз. Оған 1 стакан бал араластырып, тоңазытқышта сақтайсыз. Күнде таңертең ашқарынға осы ботқаның 2-3 ас қасығын асықпай, дәмін ала отырып жеу керек. Таңғы асты жарты сағаттан кейін ғана қабылдаңыз. Емді бір ай жалғастыру маңызды. Бұл аралықта шипасын өзіңіз де сезе бастайсыз. Екі апта үзілістен кейін тағы бір ай қайталап жіберсеңіз болады. 2-ші рецепт: Жарты литр суға 2 ас қасық итмұрын жемісін салып, баяу жанған отта 10 минут қайнатыңыз. Одан соң түн асырып қоясыз. Таңертең пияз қабығы, қарағай бүршігі мен сұлының әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып, таза суда жақсылап шайған соң түнде қайнатқан итмұрын шырынына қосыңыз. Оны тағы да бір түн асырып қойып, келесі күні ертеңгісін сүзіп алыңыз. Тоңазытқышта сақтай отырып, жарты стаканнан күніне 4 рет ішу керек. Емдік курсы — 4 ай. Бұл амал қан тамырларды тазалаумен қатар асқазан мен ішек жолдарында проблема бар адамдарға да жақсы көмектеседі. 3-ші рецепт: Зығыр (льен) дәнінің 1/3 стакандай мөлшерін 1 литр суға салып, бұрқ еткізіп бір қайнатып алыңыз. Сосын 2 сағат су моншасында ұстайсыз. Түн асырып қойып, таңертең сұйығын сүзіп алып, түбіндегі қоюын төгіп тастаңыз. Оны 15 күн бойы таңертең және кешке тамақтан жарты сағат бұрын стаканның 1/3 мөлшеріндей ішіп жүресіз. Ал емдік әсері екі айға созылады: Үш айдан кейін тағы бір рет қайталап жіберсеңіз жақсы.
ТӘНДІ ТҰЗДАН ТАЗАЛАУДЫҢ 4 ТӘСІЛІ Ағзадағы тұз алмасуының бұзылуы адамды бірқатар ауруларға шалдықтыратыны белгілі. Яғни су – тұз алмасуындағы немесе сыртқа шығару жүйесіндегі қалыпсыздықтан ағзада несеп қышқылының тұздары іркіледі. Өз кезегінде ол ішкі ағзада, сүйек ұштарында тас түзілуіне соқтырады. Оның қимыл-қозғалысқа ауыртпалық салатыны бар. Яғни мұндай тұздар несеп қабында, бүйрек жолдарында, буындарда іркіліп, тас түзеді, сүйек ұштарын жабады. Бұдан тірек-қимыл мүшелеріндегі үйкеліс артады, жүйке талшығының ұштары бүлінеді, одан қабыну процестері туныдайды. Буында сыртылдау пайда болады, қимыл-қозғалыс нашарлайды. Жалпы, адамға жайсыздық туындататын мұндай жағдайдың бәрінде қолданылатын медициналық ем түрлері бар. Дегенмен дәрігермен кеңесе отырып халықтық ем түрлерін қолдануға да болады. Мынадай 5 тәсілді біле жүріңіз: Бал мен мейіз 1 кило сүйексіз мейіз бен биылғы балғын балды 20 күн бойы үздіксіз, бірақ кезегімен жеп тұру керек. Алайда бұл тәсілді жылына бір мәртеден артық қолдануға болмайды. (Қант диабетімен ауыратындарға да бұл жақпайды). Бұл тәсіл ағзадағы су – тұз тепе-теңдігін қалпына келтіреді, буындарда тұз жиналуының алдын алады. Лавр жапырағы Ыдысқа салынған 4-5 орташа жапырақтың үстіне 1,5 стакан қайнаған су құяды да, 3 минут қайнатып, сосын термосқа құйып қояды. Таңертең сүзіп алады. Күніне 3-4 мәрте, тамақ ішер алдында 2 шай қасықтан ішіп тұру керек. Емделу курсы – 3 күн. Ол ағзадан артық тұзды қуады. Оны кіші дәретке шығуды ңжиілеуі мен зәрдің түсі қызғылт тартуынан аңғаруға болады. Жайсыз жағдай тудырмаса, емді бір апта үзілістен кейін қайталайды. Одан кейін жарты жылдан ерте емес кезеңде қайталауға болады. Емді қолданған кезеңде майлы, ащы, қуырылған тағамды азайту, алкогольден бас тарту керек. Көкөніс, сүт өнімдерін тұтынған пайдалы. Есте сақтар жайт, мұндай тұнбаны жүкті, бала емізетін әйелдер, қант диабетімен ауыратындар, асқазан және ішек жарасы бар, іші жиі қататын адамдар қабылдауына болмайды. Итбүлдірген Бұл өсімдіктің жемістері қабынуға қарсы, зәр айдайтын қасиеттерге ие. Сондықтан ол ағзадағы тұзды қууға да қолданылады. Одан шай демдеп ішу керек. Ыдысқа 10 грамын салып, үстінен 100 миллилитр қайнаған су құяды. 2 сағат тұндыру қажет. Сосын одан күн сайын таңғы ас алдында және ұйқыға жатарда 2-3 ас қасықтан ішіп тұру керек. Ем кірсы – 2 ай. Оның піскен жемістерін 1 литрлік шыны немесе фарфор ыдысқа үштен бір деңгейіндей етіп салады да, үстінен қайнатылған салқын су құяды. Бір апта тұндырып алып, қажет кезінде, ешқандай шектеусіз ішіп тұруға болады. Тек асқазан қышқылы көп адамдар абайлауы керек, жайсыздықтар туындатуы мүмкін. Өйткені онда органикалық қышқылдар көп. Күріш Түнге қарай 1 литр суға 3 ас қасық күріш салып қою керек.Таңертең сүзіп алып, үстіне таза су құйып, 5 минут қайнатады. Осылай тағы екі мәрте қайнатып алу керек. 4 мәрте қайнаудан өткен осы күрішті таңертең жыл күйінде жеп алу керек. Сосын 3 сағат бойы ештеңе ішпеген дұрыс. 10 күннің ішінде жағдаq жақсарады. Міне, ағзаны тұздан тазартудың осындай тәсілдері бар. Оларды медициналық еммен қабат жүргізуге де болады. Дегенмен дәрігер кеңесін алып, оның қадағалауында болу жағын ұмытпаған абзал.
ІШЕКТІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙМЫЗ? Адам орта есеппен 70 жыл өмір сүреді десек, осы уақыт ішінде ішек арқылы шамамен 100 тонна тамақ және 40 мың литр сұйықтық өтеді. Нәтижесінде ішекте 15 килодан астам несеп тастары, ағзаға зиян келтіретін улы қалдықтар жиналады. Жиі іш қату, зат алмасудың бұзылуы, қант диабеті, аллергия, артық салмақ, бауыр мен бүйректің ауыруы, есту және көру қабілетінің нашарлауы, тері аурулары ішектің ластанғанынан хабар береді. Клизманың көмегімен тоқ ішектің кішкене бөлігі ғана тазаланады (40-50 см). Ал ішекті аппараттармен жуу, біріншіден, өте қымбат, екіншіден, біраз уақытты қажет етеді және ішек микрофлорасын бұзады. Небәрі 1-2 шай қасық зығыр тұқымынан жасалған ұн екі-үш аптаның ішінде тоқ ішек пен аш ішекті көпжылдық «қоқыстан» толық тазартады. Әрі ішек микрофлорасына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Бұл әдіс салмақты тез қалыпқа келтіруге және артық салмақтан арылуға да көмектеседі. Зығыр тұқымынан алынған ұн (жаңадан ұнтақталған болуы керек) токсиндер мен шлактарды ағзадан шығарып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Ол антипаразиттік қасиетке ие, гельминттер, саңырауқұлақтар мен вирустарға қарсы әсер етеді. Қолдану нұсқаулары: -жоғарғы тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының қабыну процестері; - гастрит; - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы; - зәр шығару жолдарының аурулары, пиелит, цистит; - артық салмақ, липид алмасуының бұзылуы. Профилактикалық мақсатта күнделікті қолдану үшін тиімді. Қолдану тәсілі: Антипаразиттік қасиеті бар тағамдарды дайындау үшін бір порцияға 1 шай қасықтан қолданылады. Ішекті тазалау үшін мына ретті қатаң сақтау қажет: 1-аптада күн сайын 1 шай қасық зығыр ұнын 100 г йогурт немесе айранға араластырып ішу қажет. 2-аптада зығыр ұнының 2 шай қасығын 100 г йогурт, қаймақ немесе айранға қосып қабылдайсыз. Бұл қоспаны таңғы ас орнына қабылдайды. Тоқ және аш ішектер несеп тастарынан, паразиттерден тазартылады, сонымен қатар, ішек микрофлорасы толық сақталады. Ішекті тазарту кезеңінде міндетті түрде күніне 2 литрдей су ішіңіз.
ТАХИКАРДИЯДАН ЕМДЕЛУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ Тахикардиямен ауыратын адамдар мынадай халықтық ем түрлерін қолданса болады: * Күнде кешкісін уақталған екі жаңғақ дәнін екі шай қасық балға араластырып жеп тұру керек. (Кішкене лимон қосса да болады). Асықпай шайнаған жөн. Артынан 200 миллилитр су ішу керек. Сосын ештеңе ішпей, ұйқыға жатқан жөн. Арасында әр 40 күн сайын 10 күн үзіліс жасап, екі жылға дейін жасауға болады. * Термосқа долана мен итмұрын жемістерін ұсақтап салып, үстінен 1 ас қасық көк шай жапырақтарын, сасықшөптен (пустырник) 1 ас қасығын салып, термостағы 500 миллилитр суға қосады. Жарты сағат тұндырып, екі бөліп ішу керек. Оны 20 күннен, арасына 10 күн үзіліс салып ішіп тұру керек. Бұл жүрекке пайдалы. * Долана жемістерін, жалбыз жапырағын, ваалериана тамырын, сасықшөп шөбін, душица, пион шөптері мен итмұрын жемісін уақтап, қайнаған суға шай секілді (1 ас қасық) демдеп ішу керек. Ол жүрек бұлшық еттерінің жұмысын реттеуге пайдалы. * Дәрілік түймедақ (ромашка), жалбыз, фенхели, зере (тмин) жемістері, валериана тамырын теңдей мөлшерде уақтап, күнде кешкісін одан 1 ас қасығын 200 миллилитр қайнаған суға демдеп, 1 сағат тұндырып, сүзіп алу керек. 20 күн ішкен дұрыс. Бұл жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдалы. * Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін мынадай дәрмек жасап ішуге болады: үшжапырақ субеде (вахта трехлистная) мен жалбыздың кептіріген жапырақтары мен балдырған (дягиль) тамырын ұнтақтап қою керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бір ас қасығын200 миллилитр қайнаған суға демдеп, баяу жанған отта 2 минут қана қайнатып, сосын қақпағын жауып, 3 сағат тұндыру керек. Дайын тұнбаны күніне 2 мәртеден, 100 миллилитрден ішеді. * Қырмызыгүлдің (календула) кептірілген жапырақтары мен валериананың уақталған тамырын араластырып, 1 ас қасықтан термосқа салып, 400 миллилитр қайнаған суға тұндырады. 3 сағаттан соң сүзіп алады. Күніне 4 рет, 100 миллилитрден ішіп тұру керек. Курсы – 20 күн. Бір аптадан соң тағы бір рет қайталауға болады. * 1 ас қасық кориандрды 200 миллилитр қайнаған суға демдеп, 2 сағатқа тұндырады. Сосын сүзіп алып, күніне 50 миллилитрден 2 мезгіл ішеді. Курсы – 30 күн. Үзіліс – 10 күн. Мұны қолданған кезде тахикардияға қарсы басқа дәрі ішпейді. * 100 грамм уақталған мелиссаны 20 миллиграмм спритке 10 күн тұндыру керек. Сосын оны сүзіп алып, күніне 4 мәрте 1 шай қасықтан 50 миллилитр суға араластырып ішеді. Тұнбаны балғын шөптен де, кепкен шөптен де жасауға болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |