28/10/2024, 22:27 | |
ҚҰЛАҚ ЕСТУІ НАШАРЛАҒАНДА Үлкендеу бір пиязды алып, ортасына 1 шай қасық укроп тұқымын салатындай етіп ойық істеу керек. Укроп тұқымын салған соң пиязды духовкаға қойып, қоңыр түске енгенше қыздыру керек. Содан соң пиязды дәкеге орап, шырынын сығып аласыз. Алынған сұйықтықты жылы етіп құлаққа 9 тамшыдан тамызу керек. Бұл емді күніне 3-4 рет қайталаса құлақ ішінің жолдары тазарып, есту қабілеті жақсарады.
ҚАН ҚЫСЫМЫ ТӨМЕНДЕГЕНДЕ Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға салып, 15-20 минут қайнатады. Бір күн тұрғызып сүзіп, үстіне бір ас қасық сірке суын қосады. Дәрі дайын. Науқас күніне 100 грамнан 4-5 уақыт, қашан оңалғанша ішеді. Қан қысымы көтеріліп, тәбет ашылады. Немесе қалақай жапырағының үш ас қасық, қара қарақат жемісінің үш ас қасық, бұрыш жалбыз шөбінің үш ас қасық ұнтақтарын қосып, 3 литр суға салып, жарты сағат қайнатады. Екі күн тұндырып сүзеді. Үстіне бір ас қасық бал, 30 грамм алма сірке суын қосып, шайқап араластырады. Дәрі дайын. Науқас күніне 30-50 грамнан 3 рет, астан жарты сағат кейін сырқаттың беті қайтқанша ішеді. Жалпы 3-4 күнде-ақ науқас жағдайы жақсарады.
БАҚБАҚ ӨСІМДІГІ ӨТ АЙДАЙДЫ Бақбақ өсімдігінің жапырағы мен гүлі және тамыры өт айдайтын қасиетке ие. Күніне 50-100 миллиграмм сөлін пайдалану арқылы қанды зиянды элементтерден тазалауға болады. Ол үшін гүлінің сабағын шайнап, шырынын жұтып өзін түкіріп тастайды. Соның артынша адамның шаршағаны басылып, өзін жақсы сезіне бастайды. Ол өзін жайсыз сезінген жағдайда дереу бақбақ гүлінің сөлін пайдаланады. Бақбақты зәр айдау процесі нашарлағанда, ішкі құрылыс сыр бергенде де пайдалануға болады. Ал бұл тегін дәрі дархан даламызда көп, кәдеге жарата біліңіздер!
ТҰЗДЫҢ КІРНЕНІ КЕТІРЕТІН ҚАСИЕТІ БАР Күнделікті өмірде тұзды қолданбайтын адамды табу өте қиын. Себебі астың дәмін тек тұз кіргізе алатынын жұрттың бәрі жақсы біледі. Сондықтан оның адам үшін алатын орыны түсіндіру артық. Дегенмен тұздың емдік қасиеттері де жетерлік. Алматыдағы «Өнер» баспасынан жарық көрген «Қазақтың халық емі» атты кітапта тұздың көмегімен көптеген аурулардан жазылуға болатыны жөнінде жазылған. Мысалы, егер басқа немесе денеге теміреткі шыққанда 10 грамм ас тұзын уксусқа ерітіп жақса, ол бірден ақтаңдақ болып жоғалып кетеді. 1-2 грамм ас тұзын меруерт ұнтағымен араластырған соң уксусқа ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген, сондай-ақ босаған тістің түбін қатады. Тістің кірін кетіреді. Зиянды жәндіктер шаққанда тұзды зығыр немесе балға қосып езеді. Сосын оған балшық қосып дәрі жасайды. Балшық қоспаса, кері әсер етуі ықтимал. Бұл дәрі уды қайтарады, ауырған жерді қойдырады. Ұрып-соғылудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген жерге таңады. Оны қазақта «Сорбақта» деп атайды. Адамда кездесетін кірнені кетіру үшін бір кесе тұзды қазанға қуыру керек. Ол қызған соң дорбаға салып, ішке басса, ыстық өткізеді. Тұздың ағзаға тигізер әсері де мол. Ол асқазан сұйықтығының бөлініп шығуын молайтады, ас қорытуды күшейтеді. Ішектің қызметін жақсартып, кілегейлі қабаттың сұйықтық шығаруын арттырады. Үлкен дәреттің сыртқа шығуына тигізер пайдасы бар. Белоктың денеге сіңірілуіне де тигізер ықпалы мол. Дегенмен әр адамның ас тұзын тек мөлшермен ғана қолданғанда ғана пайдалы болатынын ескергені жөн. Егер олай болмаса, кері әсер етуі мүмкін. Себебі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, орта жастан асқан, әсіресе жүрек, қан тамыр ауруларына шалдыққандардың тұзды белгілі бір мөлшермен қолданғаны дұрыс екен. Сондықтан осы жағын әркімнің біле жүргені абзал. Ал жалпы, тұздың зиянды жағы да бар. Біз ол жөнінде келесі нөмірімізде жазамыз.
АРА ШАҚҚАН ЖЕРГЕ ЛАВР ЖАПСЫРЫҢЫЗ Қазір ызыңдаған жәндіктердің белсенділігі арта бастаған кез. Мұндайда абайламаса, адамды ара шағып алуы оп-оңай. Ондайда дуылдатып ашытып, кейбіреуде ауа жетпей, аллергияны асқындыратын жерге лавр жапырағын басуға болады. Лавр жапырағын ыстықтау суға салғанда түсі өзгеріп, өзі жұмсарады. Ара шаққан жерге сол жапырақты басса уытын қайтарып, аллергияны болдырмайды екен. Жас баланың жөтелін да лавр жапырағы арқылы қайтаруға болады. Екі жапырақты 1 стакан қайнап тұрған суға салып, үстіне 1 ас қасық сода мен осынша бал қосып араластыру керек. 15 минуттан кейін жапырақты алып тастап, әлгі тұнбаны балаға жылыдай асықпай ұрттап ішкізсе тер шығып, тамағы жіпсиді. Ол қақырыты шығарып, жөтелді қайтарады. 10 жасқа дейінгі балаларға оны таңертең және түсе 1 ас қасықтан, ал түнде жатар кезде жарты стакан ішкізу керек. Дәмі жағымсыздау болғанмен бұл түрлі дәрілерден әлдеқайда тиімді әрі зиянсыз.
ТҰНБА ЖАСАУ ТҮК ТЕ ҚИЫН ШАРУА ЕМЕС Тосын бір статистикаға тап болдық: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы әлем халқының 32 пайызға жуығы түрлі дертке байланыс¬ты дәріге тәуелді дейді. Ал дәріні еселеп іше берудің кері әсері де бар. Сондықтан кей жағдайда ауруды жаңа басталып келе жатқанында емдік өсімдіктер тұнбасымен жеңіп көруге тырысу керек дейді фитотерапевтер. Олар мынадай бірнеше рецепт ұсыныпты: Бас ауруы☘️ Қай жағдайда да бас ауруының ең мықты емшісі – жалбыз. Жалбыздан шай демдеп ішсеңіз де, жалбыз қосылған бу, ваннаға түссеңіз де жарасады. Артынша жылы оранып, ұйықтап алу керек. Желкеге, алақанға, шынтақ пен қос самайға сірке суын сүрту де бастың ауыруын баса алады. Ангина☘️ 1 стакан үгілген қызылшаға 1 ас қасық 6 пайыздық сірке суын араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15-20 минут тан соң қызылша сығып, тұбаны сүзіп аласыз. Емдік тұнбадайын. Күніне 3 рет осы тұнбаның 2-3 қасығымен тамақты шаю керек. Сарымсақтың жұқа қабығынан 100 грамды жарты стакан қайнаған суға салып, 6 сағатқа тұндырып қойыңыз. Онымен жылы күйінде тамақты шаю керек. Күніне 3 рет 3 күн осылай жасасаңыз, ангинадан құтыласыз. Бұл емнің атықшылығы – ангина көп мазаламайтын болады. Суықтау☘️ Тұмау мен суықтаудың алғашқы белгілері біліне бастаса тауық еті қосылған қайнатпа сорпа ішу керек. Оған міндетті түрде лапша қосылғаны жөн. Артныынша лимон қосылған ыстық шай ішіп, оранып жату жағдайыңызды жақсартатыны анық. Ұсақталған сарымсақты жиі жеу де суықтаудың алдын алады. Оны кез келген тамаққа қосу керек. Тұз бен ас содасы, аздаған мөлшерде йод қосылған жылы сумен тамақ пен мұрынды таңертең және кешке шаю да суықтауды болдырмайды. Бүйрек ☘️ Термостағы 1 стакан қайнаған суға 1 шай қасық тазартылмаған сұлы дәнін салыңыз. Оны 12 сағат тұндырады. Сүзіп алып, 1 шай қасық бал немесе қант қосып, таңғы ас ретінде ішеді. Ол бүйректі тазалайтын ең оңай, тиімді тәсіл. Күнделікті таңертең ашқарынға және кешке ұйқы алдында 200-250 миллиграмм анар шырынын ішіп жүрсеңіз, бүйрек, бас, өт қоюлануы сынды аурудан құтыласыз. Емді кемі 1 ай жалғастыру керек. Аллергия☘️ Аллергияның қай түрін де майсана майы¬мен (касторовое масло) емдеуге болады. Аллергия біліне бастағаннан 1 ас қасық майды аздаған мөлшерде шырынға араластырып ішу кеселді кері кетіретін көрінеді. Бірақ майсана майын мүмкіндігінше тамақ алдында, ашқарынға ішкен жөн. Түймедақ (ромашка) гүлінен шай қайнатып ішу де аллергиядан арылта алады.. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 16 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |