Халық емі
07/10/2024, 23:48

ҚАУЫННЫҢ ҚАБЫҒЫНАН КОМПРЕСС ЖАСАҢЫЗ

Иісі мұрынды жарып, сары ала қауын пісті. Біз оны маусымдық тәтті жеміс деп қана емес, ем ретінде де пайдалануды ұсынар едік. Өйткені қауынның денедегі майды табиғи жолмен ыдыратып, холестеринді, мал майларынан қалған қалдықты сыртқа қуатын қасиеті бар. Сондай-ақ асқазан, бауыр, бүйрек жұмысының жақсаруына сеп.

Егер артық салмақтан арылғыңыз келсе таңертең бір стакан күрішті суға пісіріп жеңіз, оған дәм кіргізу үшін соя соусын қосуға болады. Осыдан кейін шамалап қауын жейсіз. Бір апта осылай ете отырып, тәтті сусындар мен майлы астан бас тартсаңыз жақсы нәтиже күтіп тұр.

Ұрып, көгертіп алған, күйіп қалған жерге қауын қабығын жапсырсаңыз тез жазылатын қасиеті бар. Ал мұрын қанаса, одан су ақса қабығын қалыңдау етіп кесіп, танау ішіне тамызуға болады.

Көз жиегіне сыздауық шықса қауынның жұмсағын сәл қыздырып, көзді сол буына ұстаса ем. Бас ауырса 200 грамм қауын жұмсағын асықпай жеңіз. Аллергия асқынса бір стакан қауын шырынын жылы суға қосып, соған шомылыңыз. Оны жеті рет жасау керек.

«Аллергия қозған кезде бір стакан қауын шырынын шомылатын жылы суға қосып, шомылсаңыз аурудың қуаты қайта бастайды», – дейді емші Сейітқамза Қалиев. Бұл емді жеті рет жасау керек екен.

Айтпақшы, жазда салқын су ішкеннен немесе балмұздақ әсерінен жұтқыншақ безі ісініп шыға келетіні бар. Мұндайда ауырған жердің сыртына қауын қабығынан компресс істеуге болады екен. Қолқа демікпесі (бронхит) кезінде де көмегі көп.

Бірақ асқазанның, 12 елі ішек жарасы бар, ішектері ауыратын, қант диабеті белгісі бар жандар қауынды жемегені жөн. 

 

ЖҮРЕК СЫРҚАТЫНА ТАПТЫРМАС ЕМ

Жүрегі ауыратын, инфаркт алған адамдар үшін жасалуы оңай, жәрдемі жақсы ем: 5 дана лимонды жуып, қабығымен қосып еттартқыштан өткізеді. Сарымсақтың (чеснок) 2 түйір бөлігін ұсақтап турау керек. Екеуін араластырып, 1 ас қасық бал қосады. Шыны ыдысқа салып, бетін жауып, 7 күн қараңғы, салқындау жерге қойыңыз. Белгілі уақыт өткенде күніне 1 рет, арасында 1 минут қана қалдыра отырып, 4 ас қасығын қабылдайды. Қоспаны тоңазытқышта сақтау керек. Ал ем курсы – 2 ай..

 

ҚАН ҚЫСЫМЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

 Күн ыси бастағаннан көптеген адамдардың қан қысымы көтеріліп, мазасыздана бастайды. Бұл жағдай әсіресе қарт адамдарда көп кездеседі. Кез-келген жерде өзіңіз тұрмақ, өзгелердің де мазасын алмас үшін мынадай тәсілдерді жасап, қан қысымының көтерілуінен сақтануыңызға болады: жаңа сауылған қойдың 1 литр сүтіне дәл сонша мөлшерде су құйып қайнатыңыз. Қайнап біткенде ыдыста 1 литр сұйық қалу керек. Осы қайнатпаны дәміне қарай бал қосып, күніне 200 граммнан бес мезгіл ішесіз. Ұмытпай аптасына үш күннен осылай қайталап отырыңыз. Осыдан кейін қан қысымыңыз бір қалыпқа келіп, жазда жадырап отыруыңызға мүмкіндік туады.       

 

ЖУСАННЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ ЕРЕКШЕ

Жусанның екі түрі болады: кермек жусан және боз жусан. Кермек жусанның қайнатпасы сәл қышкылдау болады. Оны гүлдемей тұрып жинап, көлеңке жерде кептіріп алу керек.Ол өкпе мен өңеш, сондай-ақ асқазанның қатерлі ісігіне ем.

Жусанды дәріханадан да алуға болады. Бірінші күні 25 миллиграмм жусанды 200 миллиграмм суға қайнатып, бір мезгіл ішкен дұрыс. Екінші күні милли50 грамм жусанды кайнатып, екі мезгіл ішу керек. Осылай күнара мөлшерін көбейтіп, 300 миллиграммға жеткенде таңертең – 100, түсте – 100, кешке  – 100 миллиграмм ішкен дұрыс. Мөлшерін одан асыруға болмайды. Таңертең  тұнбаны ішерден бұрын жұмыртқаға бал араластырып ішіп жіберсе әсері жақсы болады.

Боз жусан: жусанды гүлдемей тұрып жинап, кептіріп, ұнтақтайды. Содан ұнтақты 0,5 шай қасықпен күніне 5-6 рет астан кейін ішу керек. Осылайша бір аптадан кейін күніне үш ретке дейін азайтуға болады. Болмаса боз жусанды гүлдемей тұрып жинап, оны сығып, сөлін жинайды. Сұйықтықты мүмкіндік болса балға қосып, күніне 3 рет ас алдында ішу керек. Бірақ бұл емді қолданар алдында науқас кісіер дәрігер кеңесіне жүгінуі тиіс.

 

КӨЗ АРҚЫЛЫ ДИАГНОЗ ҚОЙЫП КӨРІҢІЗ

Көздің ағы қызарып кетсе, бұл әлденеден уланудан бауырдың зақымдануы.

Көздің ағы көгілдір тартса ағзада кальцийдің жетпейтінін білдіреді. Мұндайда тырнақ сынып, шаш түсе бастайды.

Көздің ағы сарғыш тартса өт жұмысының кінәратын білдіреді.

Көз ағында қызыл жолақтар байқалса қан қысымы жоғары деп біліңіз.

Көз қарашығының үстіңгі жағы қызарса асқазанда қабыну бар деген сөз.

Көз жиектерінде ақшыл көбік болса ағзадағы зат алмасу бұзылғаны.

  Көздің төңірегінде сарғыштау бүртіктер көрінсе, тері сәл көтерілгендей болса, ағзадағы холестерин мөлшерінің көбейгені. Бұл бауыр қатуының алғашқы белгісі.

Көз астының томпайып ісінуі, қоңырқай тартып өзгеруі бүйрек жұмысының бұзылуынан болады.

 

АСПИРИН ЕРІТІНДІСІ – КҮШИІ ЕМ

Бағасы қолжетімді, кейінгі жылдары аса көп қолданылмайтын аспириннің, шын мәнінде, денсаулықты түзеуде көмегі көп. Одан варикоз, остеохондроз, табан тепкісіне (шпоры) қарсы қолданатын ерітінді әзірлеу жолын бөліспекпіз.

Керегі 10 түйір аспирин. Оны ұнтақтап, үстіне 250 грамм арақ құйыңыз. Бетін жауып, 1-2 күн тұндырасыз. Бұдан суспензия пайда болады, яғни таблеткалар толығымен ерімейді.

Өкшенің жарылуы, башпайлар арасындағы саңырауқұлақ, табан тепкісі кезінде қолдану – бірнеше қабатталған дәкені осы  ерітіндіге малып, өкшеге башпайлар арасына, керекті тұсқа жақсылап жағыңыз. Ерітінді кеуіп кетпес үшін тезірек полиэтиленмен орап, шұлық киіп алу керек. Түнде осылай ұйықтап, таңертең бәрін алып тастаңыз. Аяқты жылы сумен шайып, құрғата сүртіп, аяққа арналған креммен майлаңыз. Процедураны әр кеш сайын жасаңыз.

Алғашқы процедурадан кейін табандағы жүрген сайын жаныңа батып, ауыртатын «шпора» кішірейгені сезіледі. Ал 10 күннен кейін өкше мен табандағы қатты және тығыз тері сәл салонында арнайы күтімнен өткендей жұмсақ, нәзік болып шыға келеді.

Осы ерітіндімен варикоз түйіндерін сүртуге болады, ауырсыну кәдімгідей басылады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: