01/10/2024, 11:12 | |
ЖАҢҒАҚТЫҢ ЖАПЫРАҒЫН ЕМГЕ ҚОЛДАНАДЫ Жаңғақтың маусым-шілде айларындағы жапырағынан жасалған тұнба көптеген ауруға ем екені рас. Мәселен, жаңғақ жапырағының тұнбасы мен қайнатындысы ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Сондай-ақ витамин жетіспеушілігі кезіндегі әлсіздікті жоюға кө-мектеседі. Асқазан мен ішектің қабынуларында, мидың атеро¬скле¬розында, мешел ауруын-да, созылмалы экзема мен буын ісігі мазалағанда да көмегі көп. Ол үшін 1 ас қасық ұсақталған құрғақ жапырақты (немесе жасыл қабықшаны) 1 стакан қайнаған суға 20 минут бұқтырып, сүзгіден өткізу керек. Оны күніне 3-4 ас қасықтан ішкен жөн. Қант диабетімен ауырғандарды емдеу үшін 1 стакан үгітілген жапыраққа 3 стакан қайнаған су құйып бетін жауып, 20-30 минут қойып қояды, содан кейін тұнбаны қайнатып, тағы да ыдыста 6 сағат мөлшерінде ұстайды. Күніне 3-4 рет тамақтан кейін 30-40 минут өткен соң жарты стаканнан ішу керек. Жараны емдеу үшін жапырақтың майлы тұнбасын алу керек. Ол үшін 80 грамм кептірілген таза жапырақты немесе жасыл қабықшаны 300 грамм тұщытылған өсімдік (зәйтүн) майына салып, бөлме температурасындай жылылықта күнара араластыра отырып, 15-20 күн қойып қояды. Содан кейін сүзіп алады. Осы қойыртпақты жараның бетіне жағып жүрсеңіз тез жазылады. Күйікті, жарақатты осы жаңғақ майымен майлауға болады. Жаңадан үгітілген жапырақтарды жарақатқа, сыздауыққа басады. Жазда бар қорегін бойына жиып үлгерген жаңғақтың жас жапырағы мен дәнінің қабықшаларынан шірінше (золотуха), лимфа түйіні ауруларын емдеу үшін ванна дайындауға болады. Ол үшін жас немесе кептірілген жапыраққа суық су құйып, жақсы жабылатын ыдыста 45 минут қайнатып, оны ваннадағы жылы суға қосып шомылсаңыз жетіп жатыр. Толық ванна үшін 1 кило, жарты ваннаға 0,5 кило, отыратын немесе аяқты малатын суға 250 грамм жапырақ немесе қабық жетеді. Түк те қиындығы жоқ бұл ванна өзіңізді сергек сезінуге, аллергияның бәсеңдеуіне, суықты айдауға да көмектеседі.
БҰЛ ТӘСІЛДІҢ КӨМЕГІ КӨП Егер қателеспесе, көп адам қалыпты қан қысымы 120/80 болуы тиіс деп ойлайды. Негізінде қан қысымы адамның жасына қарай біртіндеп көтеріліп отырады. Балаларда ол 12 жасқа дейін 100/60 болса, жасөспірім кезеңде 110/70 дұрыс саналады. Елу жастан асқан адамға 130/80, ал жас жетпіске жақындағанда 140/90 қалыпты қысымға айналады. Ұзақ жылдар бойы қан қысымы одан төменді көрсетіп, бірақ адам өзін жайлы сезінсе, одан қорқудың керегі жоқ. Ал қысымның көтерілуі, құлақты шыңылдатып, басты солқылдатып, желкенің тартылуы, басқа да жайсыз әсер беруі дереу емделу керектігінің белгісі. Қан қысымын қалыпта ұстаудың көптеген халықтық тәсілдері бар. Ол соның арқасында 170-тен асып кететін қысымды қалыпта ұстап жүр. Сіздер де жасап көріңіздер: Бір ас қасық сұйықтау балды бір стакан минералды суға араластырып, оған қалағаныңызша лимон шырынын қосасыз. Оны таңертең ашқарынға ішу керек. 10-15 күн қайталасаңыз ұйқы да қалыпқа келіп, ширыққан жүйкені де тыныштандырады. Эмаль ыдысқа жарты стакан ұнтақталған ақжелкек (хрен), бір стакан жаңа сығылған қызылша шырыны мен осынша сәбіз шырынын, қабығымен қоса еттартқыштан өткізілген лимонның бір стаканы мен осынша сұйық бал салыңыз. Жақсылап араластырып, қақпағын жауып, 4-6 сағатқа қалдырасыз. Оны таусылғанша бір шай қасықтан күніне үш рет жеу керек. Оның мұндағы айтпағы, табиғатта қан қысымын қалыпта ұстауға көмектесетін амалдар көп. Сондықтан одан қорықпай, қайта күресе білу керек.
МЕЙІЗ ЖЕСЕҢІЗ МАЗАҢЫЗ ҚАШПАЙДЫ «Қалауын тапсаң қар жанады» дегендей, кәдімгі мейізді жөтелге, аллергиялық қышымаға ем ретінде пайдалануға болады. Ол үшін дәні мен сабағы бар мейізді таңдап алыңыз. Өйткені бұл мейіздің нәріөзінде сақталады. Ем үшін жақсы кептірілген қара жүзімді алу керек. Қара жүзім нәрлі де дәмді келеді. Сондықтан оның емге тигізер пайдасы көп. Жөтелген кезде мейіздің қайнатпасы өте пайдалы. Бір уыс мейізді алып, тазалап жуып, 1,5 стакан ыстық суда 10 минут қайнатады. (Одан ұзақ қайнатуға болмайды). Сосын сусынды жылы күйінде күн ұзақ аз-аздап ішіп жүріңіз. Емнің әсері тиімдірек болу үшін мейіз қайнатпасына 1 ас қасық пияздың жаңа сығылған шырынын, осынша бал қосуға болады. Ертеде денені теміреткі басқанда оған мейізді жарып, үйкеген. Терінің аллергиясына мейіздің қайнатпасын жаққан. Мейізден теріге маска жасауға да болады. Ол үшін бір уыс мейізді алып жуып, еттартқыштан өткізіп, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық қаймақ, 1 ас қасық сұлы ботқасын қосу керек. Міне, бұл қоспадан бетке жағатын тамаша маска шығады. Күніне 10 мейіз, 2 кепкен өрік, бір грек жаңғағын жеп, жылы су ішіп тұрсаңыз, жүрегіңіз жақсы жұмыс істеп, анау-мынау сырқатқа тез арада сыр білдіре қоймайды.
ЖҮГЕРІ ШАШАҒЫ ӨТЕ ШИПАЛЫ Жүгеріні сатылымнан табу қиын емес. Диқан қауымнан оның собығы ғана емес, бойындағы нәрі кеппеген шашағын да сатып алуға болады. Бұл шашақта шипа көп. Төменде біз осы жөнінде айтпақпыз. • Жүгері шашағын диабетке қарсы қолдануға болады. Оның сығындысы дәріханаларда бар. 15-20 тамшыдан суға қосып, бір ай бойы күніне 34- мәртеден ішіп тұру керек. Екі апта үзіліс жасап, қайта жалғастырады. 6 айға дейін қолданылады. • Бауыр ауруларына, цистит, өтке тас байлануын емдеуде жүгері шашағының пайдасы көп. Оның тұнбасы зәр айдайды, қабынуды басады, құмның бүйректен, несеп жолдарынан тез, әрі жеңіл кетуіне септігін тигізеді. • Өттің дұрыс жүруі үшін жүгері шашағынан тұнба ішіп тұру керек. Ол былай әзірленеді: ыдысқа бір қасық жүгері шашағы салынады. Үстіне бір стакан қайнаған су құйып, бір сағаттай мықтап жауып қояды. Сосын сүзіп алады. Мұны күніне 3-4 рет, бір ас қасықтан ішіп тұру керек. Екі апталық курс асқазан-ішек жолдарына, бауырға пайдалы. • Жүгері шашағының қайнатпасы гепатит, холецистит, өт жолдарының дискинезиясы кезінде ем. Оны былай әзірлейді: эмальды күрішкеге екі ас қасық жүгері шашағы салынады, үстінен қайнатылған жылы су құйылады. Сосын қақпағын жауып, кастрюльдегі қайнап тұрған «су моншасына» орналастырылады. 15-20 минуттан соң алып, суытады да, сүзіп, үстінен тағы да стакан толғанша су құяды. Оны күніне 3-4 рет, тамақтан соң бір ас қасықтан ішіп тұрады. • Жүгері шашағынан жасалған сусынды шай ретінде ішіп тұруға болады. Оған қара қарақат жапырағы, жалбыз, жебіршөп (тимьян), түйеошаған (репейник), мыңжапырақ қосып ішуге де болады. Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық шөп қосылады. 15-20 минут тұндырып, күніне бірнеше мәрте, жарты стаканнан ішеді. • Мамандар жүгері шашағының шайы өтке тас байлануының алдын алатынын айтады. Өттің қоюлануын болдырмайды. Оны ащы шай ретінде ішуге де болады. • Шашақтан шипалық шай әзірлеу жолы: ұсақталған екі ас қасық шашақты жарты литр қайнаған суға салып, баяу отта 3-5 минут қайнатады. 30-40 минут тұндырып, күніне үш мәрте ішеді. Жалпы, қайнатпа, тұнбаларды жылы күйде, алдын-ала шайқап барып ішеді. Екі апта ішіп, 10 күн үзіліс жасайды. Қазір пісіп-жетіліп, саудада молынан сатылып жатқан жүгері шашағының осындай шипалық қасиеті бар екен. Дегенмен оны жүкті әйелдер қолданбауы керек, аллергиясы барлар да абайлап қолданғаны абзал. Вена қан тамырлары кеңіген, тромбофлебитке ұшыраған, қаны тым тез ұйығыш жандарға да ол жайсыз тиеді. Тәбетті төмендететін әсері бар. Зәр қуатын қасиетке ие болғандықтан ұзақ уақыт қолданса ағзадағы калий мен магнийді азайтады. Осы жағына абай болу керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |