23/09/2024, 11:40 | |
КЕПКЕН ШАЙДЫҢ ДА КЕРЕК ЖЕРІ КӨП Кішкентай қаптамадағы бір рет қолданылатын шайдың кәдеге асатын кезі көп. Сондықтан оны шай ішіп болған соң мен кептіріп, жинап қоямын. Керек кезінде оны емге пайдалануға болады. #Көзге шаң түскеннен, шаршағаннан, #инфекция түскенде қызарып, ісінсе осы шай пакеттерін қайнаған жылы суға батырып алып, қабаққа қойып жатса, қызару мен ісінуді, тіпті іріңдеуін де басады. #Өкше_жарылғанда, сүйел шыққанда, терісі қалыңдап, мүйізгектенгенде ішіп болған шайдың пакетін жылы күйінде табанға қойып, сыртынан целлофанмен орап тастаңыз. Осылай ұйықтауға да болады. Оны бірнеше күн қайталасаңыз өкшеңіз тегіс болып шыға келеді. Егер өкшеге алдымен алоэ шырынын жағып, шайды соңынан ораса, нәтижесі өте жақсы. #Егер осындай шай пакеттерін бір рет қолданған соң көлеңкелі жерде кептіріп, көп етіп жинай алсаңыз одан кішкене жастық тігіп алуға болады. Яғни мақта-матадан қалта тігіп, ішін әлгі қолданылған шаймен толтырасыз. Жұмсақ осы жастықты бас ауырғанда, желке тартылғанда жастанып ұйықтаңыз. Жастыққа өзіңізге жағымды эфир майынан бір-екі тамшы тамызуға болады. Жағымды иіс ұйқыны тыныштандырады, жүйкені жайландырады. Ал шайдың хош иісі мен әсері тамырдың тартылуы, түйілуін тарқатады. Оны қан қысымы жоғары адамдар үнемі қолданса жақсы. Ұйқысы қалыпсыз адамдардың да осындай жастық қолдануы тәуір әсер береді. Бірақ бұл жастықты сулы-сызды жерде сақтауға болмайды. Ол үнемі құрғақ болуы шарт. Әйтпесе суланған шай көгеріп, иісі күлімсі тартып, жағымсыз әсер беруі мүмкін. Ал құрғақ болса, оны кемінде жарты жыл кәдеңізге жарата аласыз. Оған дейін келесі топтамаңыз да дайын болып үлгереді. Ем болсын.
ӨКШЕДЕГІ ТҮЙІНДІ ЙОДПЕН КЕТІРДІ Оның өкшесіне бір түйін сияқты нәрсе шегедей қадалып, бастырмай жүрді. Ол оған өзінше сүйел деп ат қойып алды. Өйткені ол тым кішкентай болатын. Бірақ, шын мәнінде, ол сүйел де емес еді. Көзге көріне бермейді, тек қаттырақ батыра сипағанда сезіледі. Кішкентай болғанмен жүріп-тұрғанда кәдімгідей кедергі келтіріп, ауыртатын. Осы түйінді ол кәдімгі йодпен кетірді. Осы әдіспен бөліссем деп еді. Бір ас қасық балға бір шай қасық йод, бір шай қасық тұз қосты да, жақсылап араластырды. Оны тез арада дәкеге жағып, ауырған өкшеге жапсырды. Түнде осылай ұйықтау керек. Таңертең онымен жарты сағат жүргеннен кейін алып тастайды. Осындай әдіспен бес күн қайталағанда түйін тартылып, өкшесі мүлде ауырмайтын болды.
ЖОЛЖЕЛКЕННІҢ ПАЙДАСЫ Өтіңіздің қою болып, бөлінуі азайғанын сезсеңіз, жолжелкенннен (подорожник) жасалған түнбаны ішіп көріңіз. Жолжелкеннен тұнба әзірлеу үшін 3-5 жапырағын 1 стакан қайнаған суға салыңыз. Сосын ол салат түсіне енгенде жылы күйінде ішіңіз. Осылдай күніне 1-2 рет ішіп тұру керек. 2 ай көлемінде өтіңіз қалыпты жағдайға түседі. Бұл емді ішіңіз қатып, ауырғанда да пайдалануға болады.
ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚҰПИЯСЫ Ұзақ өмір сүрудің сыры бір ғана сөзде, яғни: «ысқылау». 1. Жақсы өң – қолды жиі ысқылау; 2. Жас болғың келеді – бетіңді жиі ысқылау; 3. Тумау тимеу ушін – мұрныңызды жиі уқалаңыз: 4. Жақсы ұйықтаймын десеңіз – басыңызды жиі уқалаңыз; 5. Жақсы есту үшін – құлағыңызды жиі уқалаңыз; 6. Бүйрек жақсы болсын десеңіз – беліңізді жиі уқалаңыз; 7. Ішек-асқазан жақсы жұмыс істеуі үшін – ішіңізді жиі уқалаңыз; 8. Барлық ауруларды жою үшін – аяқтарыңызды жиі уқалаңыз; 9. Жақсы көңіл-күйде болу үшін – кеудеңізді жиі уқалаңыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |