Халық емі
16/09/2024, 22:25

БАУЫРҒА ДАУА ШАЙ ЕКЕН

Былтыр күйеуінің бауыры сыр бере бастады. Бұрын ол бүйрек пен өтке ғана тас түзіледі деп ойлаушы еді, сондықтан дәрігерлер күйеуіне бауырында тас бар дегенде таң қалды. Бауырдағы тасты алдыру үшін пышаққа түсетін болды деп қатты уайымдады. Бірақ жолдасы уайымдамады. Дәрігер болып істейтін досымен ақылдасып, тасты түсіретін шөп ішті.

Бауырға түзіле бастаған тасты түсіру үшін дала қырықбуынын кептіріп, шай ретінде қайнатып ішуге болады екен. Оны жылы күйінде жарты стакандап, жиі ішіп жүрді. Оның алдында толық дәрігерлік тексеруден өтті. Ал дәрігер досы оны бақылауында ұстады.

Қырықбуын шөбінің шайын бір апта ішкен соң екі күн демалды. Бұл кезде қуырылған тамақтан бас тартып, тек қайнатпа сорпа дайындап жүрді. Шайға бал қосып ішті. Содан кейін 1 шай қасық зығыр тұқымын 1 литр қайнаған суға салып, аздап қайнатты да, тұндырып қойды. Оны да жылы күйінде бір апта бойы жарты стакандап ішіп жүрді.

Осы тәртіппен екі ай емделді. Одан кейін ультрадыбыстық зерттеуге түсіп еді, бауырындағы тас үгітіліп, құмға айналыпты. Бұл қуанышты хабардан кейін емді тағы жалғастырды. Қазір оны бауыры мазаламайды. Осы емді үйретіп, бақылауға алған досына әлі күнге дейін алғыстарын айтып жүр. Шынында да, кейбір майда тастардан операциясыз айығуға болады екен ғой.

Дәрігер досы бүйректегі тасты да құмға айналдыруға, түсіруге болатынын үйретіп еді. Мысалы, күнделікті таңертең сағат сегізде ашқарынға 1 стакан алма шырынын ішіп, екі сағаттан кейін алма жеу, әрбір екі сағат сайын осылай шырын ішу, сұйықтықты көп ішу бүйректегі тастың кішіреюіне көмектеседі екен. Бірақ олар бұл емді жасап көрген жоқ, тек керек еткен жан дәрігерімен ақылдасып, жасап көрсе болады демек.

 

ҚАНТ КЕСЕЛІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

Диабет жазылмайтын ауру, дегенмен қандағы қант құрамын қалыпта ұстауға болады. Бұл ретте дәрігер тағайындаған еммен қатар ғасырлар сынағынан өткен, талайлар көз жеткізген амалдарды да қолдануға болады. Сондай бір амалды ұсынбақпыз.

Бұл халық емін дайындаудың да өз жолы бар, ол үшін сізге тек екі нәрсе керек: 300 грамм балдыркөк тамыры мен 6 дана лимон. Балдыркөк тамырын жақсылап жуып, үккіштен өткізіп, эмаль ыдысқа салыңыз. Лимонды сығып, шырынын қосыңыз. Ыдыстың бетін жауып, оны үлкенірек бір ыдысқа қойыңыз. Ол ыдыс суға толы болуы тиіс. Қайнатыңыз. Су қайнай бастағанда, отты баяулатып, 2 сағат күтіңіз. («Су моншасы» деген мұндай тәсіл көпшілікке таныс деп ойлаймыз). Сосын ыдысты оттан алыңыз да, суығанша солай – беті жабық күйінде қалдырыңыз. Бұл арада балдыркөк пен лимонның пайдалы құрамы бір-бірін толықтырып, шипалы қасиеті арта түседі. Дайын болған осы ботқаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа сақтаңыз.

Мұны әр күні таңертең ашқарынға 1 ас қасықтан қабылдаңыз. Екі айдың ішінде қандағы қанттың деңгейі бірқалыпта болады. Сондай-ақ бауыр, бүйрек, өт жолдары жұмысының да жақсарғанын сезінесіз.

Әйткенмен қант кеселіне қарсы күрес жарияласаңыз, онда алдымен дұрыс тамақтануды жолға қойыңыз.

 

ҰЙҚЫ БЕЗІНЕ ЕМ

Үлкендеу қара тұрыпты жуып, қабығын аршымай, үккіштен (терка) өткізеді. 1 стакан шырыны керек. Оны 100 грамм қарақұмық (гречка) балына араластырады. 40 күн бойы стаканның 1/3 бөлігіндей мөлшерде күніне 3 ет ішеді.      

 

БАУЫРДЫ ӨЗІҢІЗ ДЕ ТАЗАЛАЙ АЛАСЫЗ

Бауырды тазартудың тәсілі көп. Оның дәрігер бақылауымен жасалатын, үй жағдайында жасалатын да түрлері бар.

Дәріханадан салаубас (бессмертник), бақбақ (одуванчик), жусан (полынь), жүгері шашағы, сүйелшөп (чистотел), жалбыз (мята), итмұрын (шиповник), мыңжапырақ (тысячелистник), цикорий, қалақай (крапива), жолжелкен (подорожник), дымяшка шөптерін алыңыз. Бұл емдік өсімдіктердің өт қуатын қасиеті бар. Салаубас бұлардың ішіндегі ең мықтысы саналады. Оған қоса әрқайсысы бауырдың әр бөлігіне өзіндік емдік әсерін тигізеді. Сондықтан оларды кезегімен немесе бәрінен араласқан тұнба жасап қолдануға болады. Сонда бауыр толық әрі жан-жақты тазаланады. Бірақ әр өсімдіктің ағзаға кері әсерімен танысып алыңыз. Өйткені емделемін деп ауру жамап алу қиын емес.

Дәріні дайындау: ыдысқа әр шөптен (кептірілген, уақталған) 2-3 ас қасықтан салып, араластырады. Термосқа осы аралас шөптерден 3-4 ас қасық салып, үстінен жарты литр қайнаған су құйыңыз. Бұл – бір күндік мөлшер.

Ішу тәртібі: таңертең жылы күйде 1 стакан, екіншісін ұйқыға жатар алдында ішіңіз. Осы әдіспен 1 ай бойы әзірлеп, ішіп тұрыңыз.

Бұл шөптерді бәрін қоспай, әрқайсысын жеке ішуге де болады. Бірақ кезегімен ішіңіз, қайсысы жақсырақ әсер етіп жатқанын аңғарып, емді соған қарай жалғастыру керек.

Осы дәрмекті қолданғанда сіз әр күн сайын әжетханаға барасыз, сонда ішіңізден «қажетсіз затпен» бірге қақтың түр-түрі шығады. Ал егер ішіңіз сұйылып кетсе, онда «дозаны» сәл көбейте де аласыз. Емді 1 ай бойы жүргізесіз, сосын үзіліс жасайсыз. Тазарту жылына 1-2 мәртеден аспағаны дұрыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: