24/06/2024, 11:04 | |
ІШЕКТІ ТАЗАЛАУДЫҢ ҮШ ТӘСІЛІ ♻️Зімбір тамырынан, лимоннан және алма шырынынан жасалған сусын. Зімбір тамыры зат алмасуды ынталандырады, метеоризм мен іш қатуды жеңілдетеді. Бұл өнім көптеген органдар мен жүйелер үшін пайдалы. ♻️Лимон жылы сумен бірге ағзаға керемет әсер береді - ісінуді азайтады. ♻️Алма жақсы ас қорыту үшін маңызды талшық көзі болып табылады. СУСЫН РЕЦЕПТІ: ▪️1/2 кесе алма шырыны (целлюлозасы бар); ▪️2 ас қасық. жаңа сығылған лимон шырыны; ▪️1 шай қасық зімбір шырыны; ▪️1/2 шай қасық теңіз тұзы; ▪️1/2 кесе сүзгіден өткен су (жылы). Күн сайын таңертең ашқарынға бір стакан ішіңіз. Қайнаған су Бұл ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Аюрведада бұл су ағзада жылдам қорытылады деп саналады. Үзіліспен аштық жасап тұру Олда ағзаға өте пайдалы. Аштық кезінде жиналған зиянды заттар ағзадан шығарылады.
СҮЙЕКТЕГІ СУЫҚТЫ ТҰЗ ТАРТАДЫ Бала кезі. Сол жақ азу тісі солқылдай ауырып, басы дыңылдап, әп-сәтте мүсәпір болды да қалды. Анасы ыстықтау тұзды сумен шаюды тапсырды. Ауру жанына батып бара жатқан соң қайта-қайта шайды. Басылмады. Қайта үдей түсті. Мойнына бармақтай түйін шықты. Бастың дыңылдағанына солқылдау қосылып, құлағы дұрыс естімей қалды. Жаны бебеулеп, жылап жіберді. Аянышты кейпіне қарап, ойланып тұрған анасы бір кезде нан жабатын тапаны алды да, екі-үш уыс тұз салып, қыздырды. Оны матадан тігілген дорбаға салып, тіс ауырып, түйін түскен мойын тұсына басып жатуды тапсырды. Әбден әлсіреген ол сол жатқаннан қалжырап, ұйықтап кетті. Ұйқыда жатып та миы тынықпады, басының бұрынғыдан қатты солқылдап, денесінің қызып бара жатқанын алыс бір түйсікпен шала сезініп жатты. Ақыры ми тұсы солқылдата бұрап шаншығанынан шошып оянды. Орнынан тұра алмайды. Тұз басып жатқан сол жақ мойнынан бастап көзіне дейін ісіп кеткен. Қазір жарылып кететін сияқты. Есі шала, көруі шала, талықсып кете бергені есте. Есін жисамн ауруханада жатыр екен. Үш дәрігер төбесінен төніп тұр. Олар оны өлімнен алып қалыпты. Ата-анасына ауырған жерге, әсіресе түйін түскен тұсқа ыстық нәрсе басу қауіпті екенін ескертті. «Балаңыздың құрттаған тісі ауырған. Ыстық тұзды су тіс каналдарын тітіркендірген. Содан тамыр бойына түйін түскен. Ол тіс түбірінде ірің барын білдіреді. Іріңді нәрсе, түйін атаулыға ыстық басу ауруды өршітеді. Тағы 20 минут кешіккенде ірің миға шабатын еді», – деп бас шайқады дәрігер. Оқушы кезінде болған осы оқиғадан кейін ол қыздыратын компрестерден қорқады. Әсіресе тұз қыздырып басудан. Дегенмен былтыр күн салқындаса сырқырап, отырып-тұрса сықырлап ауыратын тізесінің ауруын қыздырылған тұзбен емдеді. Малға беретін ірі тұз болады. Содан 3-4 килодай алдырды. Күнде кешке соны қыздырып, мата дорбаға салып, қос тізесіне таңып тастайды. Сыртынан жылы одеял орап, қызудың ұзақ сақталуын қадағалады. Аптасына бір рет аяқтарын күн қызуымен ысыған құмға салып отырады. (Төбесінде арнайы шатыр). Содан кейін аяғына шұлық киіп, аса салқын су ұстамай күтінді. Өйткені таныс тибет дәрігері тізесінің ауырғаны сүйекке суық өткеннен болғанын, ал суықтан болатын ауруды күн ыстықта емдеген тиімді екенін ескерткен. Ол осылай тұзбен емделемін де бір өлімнен қалып, келесі бір аурудан құтылған адам. Айтпағы – ем екен деп білмейтін нәрсені жасай берудің керегі жоқ екен.
АНАР ҰНЫ ПАЙДАЛЫ Анар – қолжетімді жеміс. Пайдалана білсе, емдік қасиеті зор. Оның суымен қанды тазартумен бірге, қан аздықты емдеуге болады. Қабығы да іш құрылысы ауруларына ем. Ал дәнінің емдік қасиеті күшті. Әрі К витаминінің қайнар көзі. Оның құрамында антиоксиданттар мен май көп. Бәріміздің де анардың суы сығып алынған соң қабығы мен етін және дәнін тастай салатын әдетіміз бар. Ал дәнін ұнтақтаса, кулинарияның көп қажетіне жаратуға болады екен. Бұл оның ұсынысы емес, анар ұнын Шығыс халықтары ежелден ұлттық тағамдарына қосады. Етінен ажыратылған анар дәнін алдымен кептіріп алады да, кофемолкеге салып ұнтақтайды немесе келіге түйеді. Сосын елейді. Ұнды жақсы жабылған шыны ыдыста сақтауға болады. Егер осы ұнға етті аунатып алса немесе ұн жақса еттің дәмі кіреді. Егер шайға қосып демдесе ашқылтым дәм береді, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 25 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |