18/06/2024, 22:43 | |
КҮРІШ СУЫНЫҢ ПАЙДАСЫ Бұл – ежелгі Қытай рецепті. Уақытпен тексерілген, тән саулығын сақтау мәселесінде басты шара саналатын, әдеттегі медициналық әрекеттер пайдасын тигізбеген кезде жасалатын амал деседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес. Дұрыс дайындалған күріш өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады, асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді. Дегенмен күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, бұл жазбаны сақтап қойғаныңыз жөн. Ал айтарымыз мынау: мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді. Оба ауруының алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар. Саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Ертеде қазіргідей арнайы дайын сусын мен тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Бүгінде жиі айтылатын «бұрынғының балалары мықты болған» деген сөз осындай табиғи ас-судың арқасы екені жасырын емес. Иә, ертеректе күріш суының арқасында дисбактериоз, гепатит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стакан суға бір ас қасық күріш жеткілікті. Күріш жартылай піскен шақта су түсі өзгереді. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды. Ал күрішті суға қайнатып, оған айран қосып ішсе, асқазан-ішекті тазартып, ағзаны, теріні жасартатын дайын детокс дей беріңіз. Үш немесе бес күнге созылған осындай диета ұстансаңыз жасушалар да жаңарып, ағзаға жиналған тұздан арыласыз. Бұл «диетаның» ерекшелігі – күріш+айран ботқасын қалауыңызша жей беруіңізге болады. Айтпақшы, күріш қайнатылған суды жиірек ішу бауырды сауықтырады.
ЦИСТИТ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ЕМ ТҮРЛЕРІ Аяқтан қатты суық тигенде қуықтың қабынып ауруын медицина тілінде – цистит дейді. Оған қарапайым ас тұзының шипасы мол. Оны былай пайдаланады: ✅ 1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады. ✅ Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет. ✅ Сарысу (ревматизм) Оның бірнеше түрлі емі бар. Олардың көп тарағаны мынандай: 1. 200 гр. тұз, 100 г. құрғақ қышаға (горчи- ца) 300 гр. керосин (та-зартылған) құйып, балшық сияқты жентек дайындайды. Жатарда ауыратын жерге сіңіріп жағады. 2. 100 гр. араққа 2 сауын (флакончик) валериа-на тұнбасын араластырып, кейін 2 ащы бұрыштың қабығын қосады. Қоспаны 32 сағат тұндырып қойып, ауырған жерге жақса, оның қақсағаны қояды.
ӨТТІ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ ↘️Бір стаrан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны ашқарынға ішеді. Сосын 1,5–2 сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді. ↘️Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, шыны ыдысқа салып, біраз уақыт қойса, әбден еріп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауыратын адамдар оны ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 25 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |