11/06/2024, 00:15 | |
КУРКУМА ҚОСЫЛҒАН ЖЫЛЫ СУ денсаулыққа өте пайдалы Қарапайым ғана нәрсе – күнделікті ашқарынға жылы су ішу пайдалы асқазан-ішек, бауыр-өт, қанның қоюлануына қарсы пайдалы екені белгілі, бірақ куркуманың ерекше емдік қасиеттерімен үйлескенде бұл таңғы 1 стакан жылы судвң әсер бірнеше есе артады: - Артрит пен артроздың қабынуын және ауырсыну синдромын жеңілдетеді (адамдардың пікірлеріне сәйкес, сусын диклофенакпен тең дәрежеде әсер етеді). - Қандағы қант деңгейін төмендетеді, инсулинге тәуелді емес науқастардың қант диабетінің дамуын тоқтатуға көмектеседі. - Холестерин деңгейін төмендетеді, тамырларда түйін (бляшка) пайда болуына жол бермейді. - Адам ағзасындағы рак клеткаларының дамуына жол бермейді, әртүрлі шығу тегі бар ісіктердің өсуін баяулатады. - Өт ағынын ынталандырады.
БҰЛ БЕЛГІЛЕР НЕНІ БІЛДІРЕДІ? Адам бойындағы кез келген өзгеріс оның ағзасында болып жатқан құбылысты білдіреді. Соның ішінде жиі байқалатын мына өзгерістерге ерекше мән берген дұрыс: 1. Тамаққа деген тәбеттің күрт артуы. Қанша көп тамақтансаңыз да салмағыңыз төмендеп кетсе немесе суды ішкен сайын кіші дә¬ретіңіз көп келсе бұл диабет ауруының белгісі. 2. Көру қабілеті төмендеуі. Көзі бұлыңғырлану, көзі құрғау, анық көре алмау сияқты көру қабілеті төмендеудің бейнесі болып табылады. Бұл бауыр қызметінің нашарлауынан хабар береді. 3. Аяқтың ісуі. Аяқ үнемі ісетін болса, вена қан тамырының тосылуы болып табылады. Мұндай болғанда дереу емханаға көріну керек. Әйтпесе өкпе қызметінің төмендеуі сияқты ауруларға соқтыруы мүмкін. 4. Сілекей ағу. Көптеген адамдардың ұйықтағанда ауызынан сілекей ағады. Олар басқалардың көріп қалуынан ыңғайсызданып бұл жағдайды көбінде айтқысы келмейді. Бұған сал қарауға болмайды. Бұл жүйке жүйесінің тосылғанынан дерек береді. 5. Қолдың терлеуі. Қолғаппен жүрсеңіз де, саусақтарыңыз жаурамаса да қолдың терлеуі денсаулықтың қалыпсыздығын білдіреді. Әйелдерде алақан және дененің қызуы, терлеу ахуалы байқалса, бұл бүйрек қызметінде бір мәселе бар екендігінен хабардар етеді. 6. Асқазанның сазып ауыруы. Егер сізде бұрыннан асқазан ауруы бар болып, енді асқазаныңыз қайталай ауырса, бұл қарапайым асқазан ауруы деп қалмаңыз. Әдетте жүрек ауруын тудыратын асқазан ауруында асқазан қатты ауырып кетпейді, тек қарныңыз ашпағандай сезінесіз. Кейбір кезде жүрегіңіз аздап айниды. Бұлар жүрек ауруын қозғайтын асқазан аурулары.
БҮЙРЕККЕ ЕМ БОЛАТЫН РЕЦЕПТТЕР Бүйректің сырты сыздап ауырған кезде жаңа жұмыртқадан бірді алып, таза ыдысқа құяды. Үстіне 1 ас қасық бал қосып, араластырады. Дәкені екі қабаттап, әлгі қосындыны бүйректің көлеміне жететіндей жаймалап жағу керек. Оны ауырған жерге таңады. Сыртынан целлофан қойып, жылы орау керек. Түні бойы осылай ұйықтайды. Таңертең алып тастайды. Орнына суық тигізбей орайды. Бір емдеу барысы – 7 күн. * * * Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды еттурағыштан өткізіп, сығып, шырынын 300 грамм араққа аралстырады. Аузын мықтап жауып, 15 күн қараңғы жерге қояды. Күн сайын 3 рет, әр жолы 30 грамнан ішеді. Бүйрек аузында жиналған құм-тасты зәрмен тысқа айдайды. * * * Бүйрек пен қуықта қүм жиналса күн сайын таңертең ашқарынға астан 1 сағат бұрын 1 саткан қайың шырынын ішеді. Ол құмды қуады, тсты үгітуге ықпал етеді. Бүйрек жасушаларын тітіркендіріп, жұмыс қабілетін арттыруға көмектеседі. * * * Бүйрек ауырған кезде асқабақтың кептірілген гүлінен шай қайнатып ішіп, түрлі қабыну сырқаттарын жазуға болады. * * * Бүйректің тасын түсірудің қарапайым бір әдісі – зығырдың дәнінен 100 грамды 2 длитр суға 10 минут ақырын қайнатып, әр 2 сағат сайын жарты стаканнан ішеді. Мұны таңертең ашқарынға бастап, ол күні басқа тағам ішпейді. Келесі күні де жалғастырады. Тастар екінші күннен бастап түсе бастайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 26 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |