Халық емі
03/06/2024, 23:54

ҚҰРҚЫЛТАЙДЫҢ ҰЯСЫ және ОНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

Біз – қазақ ауырғанда шипаны ең алдымен Алладан сұраймыз ғой. Ал Алла-тағала бізге ем ретінде осындай керемет жаратылысты сыйлаған. Соның бірі – осы құстың ұясы.

Кішкентай ғана көзге көрінер-көрінбес осы құс ұясының өте керемет емдік қасиеті бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Ол бұл жайлы айта қалса: «Құрқылтай деген не?» –  деп сұрайтындар да бар. Сондықтан ол жайлы толығырақ түсіндіре кетуді жөн көрді.

Құрқылтай – бұл қасиетті де киелі құс. Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем. Радикулит, цистит, қуықтағы грыжа, сүйек сырқырауы, буынның сырқырап қақсауы, тамырлардың ісінуі, бүйрек аурулары, ревматизм, жыныс жолдарының суықтауы, жатырдағы түрлі аурулар, простатит, аденома, бедеулік, белсіздік, құрсақ көтермеу сияқты көптеген ауруларға ем. Және де бұл емді кез келген адам үй жағдайында қолдана алады. Ешқандай қиындығы жоқ. Тек ұяның бұлауына кешке жатар алдында түскен жөн. Өйткені ем қабылдағаннан кейін желге шығуға, суық тигізуге болмайды. Ем он немесе он бес күнге дейін жалғасады. Міне, осы он бес күнге осы құстың бір ұясы жетеді.

Ем қалай жасалады? Оны кәдімгі құрғап, кеуіп тұрған адыраспанмен араластырып қолдануға болады. Түтетіп, қымтанып, соның буына «отырасыз». Бұл – бұлаудың бір түрі. Ол сырт көзге күлкілі көрінуі мүмкін. Алайда үш-төрт күннен соң шынында да шипалық әсері бар екеніне көз жеткізе бастайсыз. Кейде тіпті бір қолданғаннан кейін-ақ пайдасын көресіз.

Ендігі бір айтары, ем екен деп құрқылтайдың ұясын кез келген уақытта алуға болмайды. Ұяны балапаны қанат қағып, ұшып кетіп, ұя бос қалғанда ғана алуға болады. Әйтпесе киелі қүстың киесі ұрады.

Ол бала күнінде еститін: кезінде Қытайда осы құстың өзі мен бір ғана ұясын бес тонна күрішке бағалаған деседі. Неге күріш дейтін шығарсыз. Өйткені бұрын қазақ сауданы етпен (малмен) бағаласа, Қытай күрішпен бағалаған. Қытайдан келген қандастары болса білетін шығар, қателеспесе бұл құстың қытайша атауы Юнбао болса керек. Юнгбао болуы да мүмкін. Оның оған нақты дәлелі жоқ, бірақ естіген емдік қасиеттеріне қарап тап сол Юнбао (Юнгбао) деп ойлап отыр. Бұл жағын Қытайдан келген қандастарына қалдырайық, анық-қанығын солар айта жатар. Ал ол осы құстың ұясы жайлы бала кезден естіп, көріп келе жатқан, өзі нақты білетін аздаған мәліметімен көпшілікпен бөліседі.

Ұя негізі шөп пен жібектен тұрады. Құс оны ауыз сілекейімен мықтап өре тоқиды. Кәдімгі әжелердің баласына шұлық тоқығанындай шеберлік дерсіз. Егер қолыңызға ұстап, жақсылап қарасаңыз, асқан шеберлікпен тоқылған, кішкене тесігі бар себет қапшықты елестетеді. Құрқылтай ұяны кем дегенде 7 метр биіктікке – ағаш басына салады. Жерден қарағанда бұл кәдімгі себет қапшықты ағаш бұтағына ілдіріп қойғандай көрінеді. Алайда қанша күшті жел, нөсер жауын, боран болса да ұя сол қалпы тұра береді, үзіліп жерге түспейді. Не желмен ұшып жоғалып кетпейді. Өйткені ұясын тоқығанда жібекті ағаштың бұтағына мықтап «байлап» тастайды. Ұяның негізгі емдік пайдасы құрқылтайдың ауыз сілекейінде.

Тағы да айта кететін жәйт: құс ұясын салуға жақын маңдағы ауыл үйлерін аңдиды екен. Себебі жібек жіпті сол үйлерден «ұрлап» алады. Жібектен басқа мақтадан немесе синтетикадан жасалған маталарға тиіспейді. Міне, сол үшін болса керек, ұясын адамдарға пайдалануға қалдырады дейді. Адамзаттың арқасында ұя соғып, балапаны ұшқан соң сол ұяны сол адамзатқа емге тастап кетеді.

Тап осы күн біздің елде бұл құс Қызылорда тоғайларында көп кездессе, Өзбекстанда Бұқара аймағында, Түрікменстанда Қарақұм арнасы айналасында көп кездеседі. Ұяның құны әр жерде әрқалай. Мың жарым теңгеден басталып бес мың теңгеге дейін!

Мұны да біле жүрейік, ауырмаңыздар, ағайын!

 

ҚҰЛАҚ АУРУЫНА МЫҢ ДА БІР ЕМ

Қазіргідей салқын маусымда кейбір адамдар жалаңбас жүреді. Әсіресе бойжеткен қыздар шаштарын жуа сала, шала-шарпы кептіріп асығыс кете барады. Сондайда құлақ ауырып қалуы әбден мүмкін. Ал оны емдейтін қарапайым тәсілдер мыналар:

Шығыстан шыққан атақты дәрігер медицина ғылымының атасы саналатын Ибн Сина құлақтың қабынып, бұлақ аққан ауруын грек жаңғағының жапырағы мен жолжелкеннің көмегімен емдейді екен. Ол осы екеуінің сөлін теңдей араластырып, құлаққа тамызатын болған.

Кейде құлақ қатты ауырған кезде есту қабілеті нашарлап қалатыны да бар. Сондайда сарымсақты пайдалануға болады. Сарымсақтың бір тісін қабығынан аршып, құлаққа тығып қою керек. Күйдіргені біліне бастаған кезде алып тастайды. Осылайша күніне 1-2 рет жасап жүрсе, есту қабілетін жақсартады. Бірақ көбірек күйдіру зиян. 

Құлақта шуыл пайда болғанда мына әдісті қолдануға болады. 100 миллиграм 96 пайыздық спиртке 15 грамм ара желімін (прополис) салып, 10 күнге тұндырып қояды. Дайын болған ерітіндінің 10 грамына тазартылған күнбағыс майының 40 грамын араластырасыз. Дәкеден тампон жасап, осы қоспаға малып алып, ауырған құлаққа қоясыз. Пайдаланар алдында қоспаны қозғап алған дұрыс. Ол құлақта 24 сағат тұру керек, 12 сағат үзілістен кейін қайта жалғастырасыз. Осылайша 20 рет жасасаңыз, құлақтағы шуыл кетіп, есту қабілеті де жақсарады.    

 

БАС АУРУЫНЫҢ СЕБЕБІ

Фолий қышқылы және В12 витамині жетіспеушілігі бас ауруына себеп.

Фолий қышқылы брокколи, шпинат, спаржа, асқабақ, сәбіз, қызылша, авокадода көп мөлшерде кездеседі. В12 витамині тауық жұмыртқасында көп мөлшерде кездеседі.

Мыс және темір жетіспесе де бас ауырады

Темірдің орнын толтыру үшін теңіз қырыққабаты, күнжіт, асқабақ және пісте дәні, уароп, көк пияз, чалат жапырақтары, бұзау бауырын жиірек тұтыныңыз.

В6 витамині мөлшері аз болса да үнемі бас ауырады

Оның жетіспеушілігін толтыру және жүректің, қан тамырларының, нервтердің және мидың саулығын сақтау үшін диетаға дәнді дақылдар, жаңа піскен көкөністер, бауыр, бұршақ қосыңыз.

D витаминінің жетіспеушілігі де бас ауруына себеп

Өздеріңіз білетіндей, D витамині күн сәулесінің әсерінен денеде табиғи түрде өндіріледі. Ал қыста оны тағамнан, атап айтқанда бұршақтардан, теңіз өнімдерінен, жұмыртқадан және сүт өнімдерінен алуға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 32 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: